Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі



бет349/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   626
409-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі

      1. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізеді.

      2. Осы Кодекстің 410-бабында көзделген жағдайлардан басқа, бөлек есепке алуды жүргізу кезінде:

      1) есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзету ескеріле отырып, салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;

      2) есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;

      3) бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      ҚҚСер = ҚҚСеж х А сс / А жал;

      ҚҚСере = ҚҚСеж – ҚҚСер, мұнда:

      ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      ҚҚСеж – бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      А сс – салық салынатын айналымның салықтық кезеңдегі сомасы. Бұл ретте осы Кодекстің 407-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сс-ны осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдар ретінде айқындайды;

      А жал – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын, айналымның жалпы сомасы;

      ҚҚСере – есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін.

      Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 243-бабының 9-тармағында айқындалған тәртіппен есепке алынады.



410-бап. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушінің есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау тәртібі

      1. Тұрғын ғимаратының аяқталмаған құрылыс объектісі өткізілген жағдайда осы объектіні салу процесінде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы осы бапқа сәйкес айқындалады және аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу жүзеге асырылатын салықтық кезеңде:

      1) осы Кодекстің 396-бабына сәйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын айналым түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде – көрсетілген тауарлар бойынша оларды сатып алу күніне қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде;

      2) бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде – аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілетін бөлігіне тура келетін қосылған құн салығының мөлшерінде есепке алынады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      ҚҚС ақер = ҚҚСже х Sақб / Sақ, мұнда:

      ҚҚС ақер – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы;

      ҚҚСже – құрылысқа пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша осы Кодекстің 402-бабының 3-тармағына сәйкес өткізу күніне жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы;

      Sақб – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттама бойынша алаңы;

      Sақ – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.

      2. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдайы басталған салықтық кезеңде, бірақ тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күнінен бұрын емес осындай тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай формула бойынша айқындауға құқылы:

      ҚҚСер = (ҚҚСеж – ҚҚСақер) х Sтеү / Sтғ, мұнда:

      ҚҚСер – тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы;

      ҚҚСеж – тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, есепке жатқызылатын, жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы. Салық сомасы тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдайы басталған күнге айқындалады, бірақ тұрғын ғимаратты Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылдау күнінен бұрын емес;

      ҚҚСақер – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты бұрын қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы. Салық сомасы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен айқындалады;

      Sтеү – тұрғын ғимараттағы (тұрғын ғимараттың бөлігіндегі) тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;

      Sтғ – тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) жалпы алаңы.

      Бұл ретте есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 243-бабының 9-тармағында айқындалған тәртіппен есепке алынады және мынадай формула бойынша айқындалады:

      ҚҚСере = ҚҚСеж – ҚҚСақер – ҚҚСер, мұнда:

      ҚҚСере – тұрғын емес үй-жайы да бар тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет