Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері



бет352/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   626
413-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері

      1. Шот-фактура:

      1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;

      2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;

      3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;

      4) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

      2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналымды жасау күні немесе одан кейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

      3. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі.

      4. Қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері осы Кодекстің 420-бабында белгіленеді.

      Осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған кезде қосымша шот-фактураны лизинг беруші осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет