414-бап. Баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Салық төлеуші жасау күні күнтізбелік жылға тура келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны айналымды жасау күнінен бұрын жазып беруге құқылы. Бұл ретте шот-фактурада осындай күнтізбелік жылға кіретін әрбір салықтық кезеңге тура келетін өткізу бойынша айналымның мөлшері және қосылған құн салығының тиісті сомасы жеке көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |