Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері



бет355/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   626
416-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

      Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттармен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде, егер комитент және (немесе) комиссионер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.

      Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізге алынып көрсетіледі.

      Комиссионер шот-фактураны:

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.

      Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.

      Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.

      Комитент комиссионердің атына осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге арналған шот-фактураны жазып берген кезде:

      өнім берушінің деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі;

      алушының деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.

      Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке берген кезде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.

      Егер комиссионер және (немесе) комиссионер комитент үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған адам қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.

      Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.

      Комиссионер шот-фактураны:

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға енгізіледі;

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден басқа, мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға енгізіледі;

      комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді.

      Комиссионердің комиссиялық сыйақы сомасы және комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комитентке жазып берілген шот-фактурада жеке жолдармен көрсетіледі. Бұл ретте, егер комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, сыйақы сомасы "ҚҚС-сыз" деген белгімен көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып берген кезде:

      өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі;

      алушының деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып берген кезде алушының деректемелері ретінде комиссионердің деректемелері көрсетіледі.



417-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

      1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген өкіл жүзеге асыратын жағдайларда:

      1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе өнім беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген өкілдің атынан жазылады;

      2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.

      2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.

      3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген өкіл тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді осындай қызмет шеңберінде сатып алған жағдайларда, өнім берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда:

      1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген өкілдің деректемелері;

      2) сатып алу сомасы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомасы бөлініп көрсетілуге тиіс.

      4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер соны жүзеге асыру үшін сатып алынатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.

      5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оператор өткізген (сатып алған) кезде қолданылмайды.




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет