Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы



бет350/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   626
411-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы

      1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы:

      1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндірушілер;

      2) ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – заңды тұлғалар. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуге мынадай қызмет түрлері жатады:

      ет пен ет өнімдерін өндіру;

      жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу;

      өсімдіктер мен жануарлардың майларын және тоңмайларды өндіру;

      сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіру;

      ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;

      жануарлар үшін дайын жемшөп өндіру;

      нан өндіру;

      балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру;

      крахмал-cірне өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;

      ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеу;

      мақтаны тұқымдарынан тазарту;

      тірі балықты қайта өңдеу;

      3) мыналар:

      өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өткізу;

      өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін қайта өңдеу нәтижесінде алынған, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өнімді өткізу;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша осындай кооператив мүшелеріне осы тармақшада көрсетілген айналымдарды олардың жүзеге асыруы мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі айналымдар бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері.

      Осы тармақтың ережелері акцизделетін тауарларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.

      Осы тармақты қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер:

      осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша өткізу жөніндегі айналымдарды;

      осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда осы баптың ережелерін қолдануға құқылы.

      Осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      ҚҚСер 1 = ҚҚСеж х А сс / А жал;

      ҚҚСер 2 = ҚҚСеж – ҚҚСер 1, мұнда:

      ҚҚСер 1 – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      ҚҚСеж – осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      А сс – осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын салықтық кезең үшін салық салынатын айналым сомасы;

      А жал – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша айналымдар сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы;

      ҚҚСер 2 – өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 408 және 409-баптары ескеріле отырып айқындалады.

      Өзге де айналым бойынша осындай қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен айқындауға құқылы.

      3. Егер заңды тұлға шетелдік, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға болып табылса, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер, осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

      4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      ҚҚСеқ = (ҚҚСсс – ҚҚСер – ҚҚСак) х 70 %, мұнда:

      ҚҚСеқ – есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы;

      ҚҚСсс – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы;

      ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының осы Кодекстің 408, 409 және 410-баптарына сәйкес айқындалған сомасы. Мұндай сома осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айқындалады;

      ҚҚСак – есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепті салықтық кезеңнің басында өспелі қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кету сомасы.

      Алынған нөлдік немесе теріс мән салықтық кезең үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде есепке алынбайды.

      Ескерту. 411-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет