Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі



бет348/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   626
408-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі

      1. Пропорционалды әдіс бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай формула бойынша айқындалады:

      ҚҚСер = ҚҚСеж х А сс/ А жал, мұнда:

      ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      ҚҚСеж – түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      А сс – салық салынатын айналымның сомасы;

      А жал – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы.

      Бұл ретте осы Кодекстің 407-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сс және А жал мәндерін айқындау кезінде осы Кодекстің 409-бабына сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдарды есепке алмайды.

      Салықтық кезеңде өткізу бойынша айналым болмаған кезде есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде айқындалады.

      2. Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай формула бойынша айқындалады:

      ҚҚСере = ҚҚСеж – ҚҚСер, мұнда:

      ҚҚСере – есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      ҚҚСеж – түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      ҚҚСер – осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін.

      Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы, оның ішінде оның теріс мәні осы Кодекстің 243-бабының 9-тармағында айқындалған тәртіппен есепке алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет