Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт



бет384/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   626
451-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт

      1. Мыналарды:

      1) егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, осы Кодекстің 45-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы Кодекстің 441-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

      Осы тармақшада көрсетілген қызметтердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Мынадай тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады:

      1) осы Кодекстiң 399-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) – 13) және 15) тармақшаларында көзделген.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде осы тармақшада көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды;

      2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын.

      Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауарға ілеспе құжаттар, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақау актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарлардың импортын растау болып табылады;

      3) инвестициялық келісімшарт шеңберінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар тізбесіне енгізілген;

      әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші қызметті инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асыру кезінде ғана талап қою мерзімінің шегінде пайдаланатын шикізат және (немесе) материалдар.

      Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-күнінен бастап үздіксіз бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген активті пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.

      Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке қабылдаған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады;

      4) мынадай шарттар сақталған кезде:

      көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;

      ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар.

      3. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күніне төленуге жатады.

      4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг алушысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақы қосылған құн салығынан босатылады.

      5. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) тауарлар арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылса;

      2) еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен аяқталса;

      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет