Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері



бет387/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   626
454-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері

      1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алған жағдайда, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі (тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл, оператор) жүзеге асырады.

      Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.

      2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алған жағдайда және бұл ретте тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі төлейді.

      3. Егер тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі комиссия, тапсырма шарты негізінде Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне өткізсе және тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер, сенім білдірілген өкіл жүзеге асырады.

      4. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл (оператор) жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді бейрезидентпен оларды сатып алу-сату шарттары (келісімшарттары) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.

      Тауарларды сатып алуға-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.

      Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса тіркей отырып, оны өткізерден он жұмыс күні бұрын орналасқан жері бойынша салық органын осындай сауда өткізілетіні туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

      Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынған жағдайда және бұл ретте тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл (оператор) төлейді.

455-бап. Еуразиялық экономикалық одақта комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері

      1. Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген өкілге) жүктеледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 456-бабының 8-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш көшірмесінің негізінде есепке жатқызылуға тиіс.

      2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

      3. Сенім білдірілген өкілдің сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

      4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі-комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі-комиссионер (сенім білдірілген өкіл) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген өкіл) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура өнім берушінің "комиссионер" ("сенім білдірілген өкіл") деген мәртебесін көрсете отырып жазып беріледі.

      Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушыға жазып беретін шот-фактурада осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 1) – 7) тармақшаларында белгіленген деректемелер, тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетілуге тиіс.

      Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолмен бөліп көрсетіледі.

      Мұндай шот-фактураға комиссионерден (сенім білдірілген өкілден) алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке жатқызбайды.

      5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін комитент (сенім білдіруші) комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) атына жасаған тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжаттың күні есепке қабылдаған күн болып табылады.

      6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет