Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Төлемақы мөлшерлемелері



бет504/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   626
605-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 08.01.2019 № 215-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:



Р/с


Жолдар санаты

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кіреберістер

8

2.

I, II

7

3.

III

3

4.

IV

2

      Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 08.01.2019 № 215-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, сондай-ақ елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орнатылған жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді:



Р/с


Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

Республикалық маңызы бар қалада және астанада

Облыстық маңызы бар қалада және облыстық маңызы бар жол-дарда

Аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте және аудандық маңызы бар жолдарда

1

2

3

4

5

1.

Сыртқы (көрнекi) жарнама 2ш.м-ге. дейін

2

1

0,5

2.

Лайтбокстар (сити-форматтағы)

3

2

1

3.

Ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама:







3.1.

2-ден 5 ш.м-ге дейін

5

3

1

3.2.

5-тен 10 ш.м-ге дейін

10

5

2

3.3.

10-нан 20 ш.м-ге дейін

20

10

3

3.4.

20-дан 30 ш.м-ге дейін

30

15

5

3.5.

30-дан 50 ш.м-ге дейін

50

20

7

3.6.

50-ден 70 ш.м-ге дейін

70

30

12

3.7.

70 ш.м-ден жоғары

100

50

25

4.

Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):







4.1.

30 ш. м-ге дейін

30

20

6

4.2.

30 ш.м-ден жоғары

50

30

8

5.

Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы сыртқы (көрнекі) жарнама:







5.1.

5 ш.м-ге дейін

1

1

0

5.2.

5-тен 10 ш.м-ге дейін

2

1

0

5.3.

10 ш.м-ден жоғары

3

2

1

6.

Уақытша типтегі дүңгіршектер мен павильондардағы сыртқы (көрнекі) жарнама:







6.1.

2 ш.м-ге дейін

2

1

0

6.2.

2-ден 5 ш.м-ге дейін

2

1

0

6.3.

5-тен 10 ш.м-ге дейін

3

2

1

6.4.

10 ш.м-ден жоғары

8

4

2

7.

Жылжымалы жайма жарнама

10

5

1

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқығы бар.

606-бап. Есептеу, төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдері

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 08.01.2019 № 215-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және:

      1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға арналған рұқсат құжатында белгіленген;

      2) сыртқы (көрнекі) жарнама рұқсат құжатынсыз орналастырылған жағдайда – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе жергілікті атқарушы органдар белгілеген сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      2-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 08.01.2019 № 215-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 08.01.2019 № 215-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама рұқсат құжаты негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың алғашқы айы үшін төлемақы төлеу осындай рұқсат құжаты алынғанға дейін жүргізілуге тиіс.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 08.01.2019 № 215-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Рұқсат құжатын алған кезде төлемақы төлеушілер Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе жергілікті атқарушы органдарға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың алғашқы айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты ұсынады.

      4. Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

70-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ. КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ

1-параграф. Мемлекеттік баж


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет