139-бап. Салықтық тексерулерге қатысушылар
1. Мыналар:
1) нұсқамада көрсетiлген салық органының лауазымды адамдары және салық органдары осы Кодекске сәйкес салықтық тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар;
2) салықтық тексерулер бойынша мынадай тексерілетін тұлғалар:
осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) – 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетiлген аумақ учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;
салықтық тексерулердің басқа нысандары кезiнде – нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi (салық агенті) салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.
2. Салық органы арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін осындай арнайы білімі және дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге тартуға құқылы.
Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық органының лауазымды адамы қойған жазбаша сұрақтар бойынша тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмелері салықтық тексеру актісіне, оның ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.
3. Салықтық тексеру тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін, тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттарға, ақпаратқа ие адамдарға, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкіліне де қатысты жүзеге асырылады.
4. Салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушіні (салық агентін) іріктеу мақсатында салық органдары тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |