Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару



бет141/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   626
169-бап. Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару

      1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару:

      1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;

      2) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің тұрған жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап етсе;

      3) бақылау-касса машинасын техникалық ақауына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;

      4) бақылау-касса машинасы мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;

      5) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;

      6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;

      7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.

      2. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін ол пайдаланылатын жердегі салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш;

      2) бақылау-касса машинасы;

      3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы;

      4) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған тауар чектерінің кітабы;

      5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы ұсынылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережесі деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына қолданылмайды.

      3. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына осындай бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті, бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ұсынады және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      4. Бақылау-касса машинасын есептен шығаруды салық органы бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет