Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау



бет143/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   626
172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау

      1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.

      2. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі – есепке алу-бақылау маркаларымен, темекі бұйымдары – акциздік маркалармен таңбалануға жатады.

      3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүзеге асырады.

      4. Мынадай алкоголь өнiмi – есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдары акциздiк маркалармен:

      1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспортталатын;

      2) бажсыз сауданың кедендiк рәсімімен орналастыруға арналған, бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелетiн;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелудің (рұқсат берудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде жекелеген даналарда жарнама жасау және (немесе) демонстрациялау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін;

      4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін;

      5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға – үш литрден аспайтын шекте әкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнiмi, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шекте не көрсетілген бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жөнелтетін) темекi мен темекi бұйымдары мiндеттi таңбалауға жатпайды.

      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасу түріндегі айналымына тыйым салынады.

      6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалау уәкілетті орган айқындайтын мерзімдерде жүзеге асырылады.

      7. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.

      8. Импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін ұсынылады.

      9. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін ұсынбаған жағдайда импорттаушыға есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.

      10. Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу арқылы, сондай-ақ импорттаушының таңдау бойынша мынадай тәсілдердің кез келгені:

      1) банк кепілдігі;

      2) кепілгерлік;

      3) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.

      11. Ақшаны уақытша орналастыру шотын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.

      12. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шоты Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.

      Ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

      13. Импорттаушы ақшамен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындамаған кезде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.

      14. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      15. Осы бапқа сәйкес:

      1) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнiмiн – есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдарын акциздiк маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;

      2) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;

      3) акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидалары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

      16. Салық органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан және сыра сусынынан басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағына акциздік бекеттер орнатады.

      17. Акциздік бекеттің орналасқан жерін және жұмыскерлерінің құрамын, оның жұмысы регламентін салық органы айқындайды.

      Акциздік бекет жұмыскерлерінің құрамы салық органы лауазымды адамдарының арасынан қалыптастырылады.

      18. Акциздік бекеттегі салық органының лауазымды адамы:

      1) Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын салық төлеушінің сақтауын;

      2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын;

      3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын;

      4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе акциздік маркалардың қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.

      19. Акциздік бекеттегі салық органының лауазымды адамы:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын салық төлеушінің әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға;

      2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;

      3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын қарап-тексеруге құқылы.

      20. Акциздік бекеттегі салық органы лауазымды адамының акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.

      Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет