Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері



бет16/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   626
21-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері

      1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:

      1) салық органдарынан салық сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеуші - жеке тұлғаға табыс етуді;

      2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеуші - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;

      3) екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомаларын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын тапсыруды қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз болса, сондай-ақ елді мекенде екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша тапсыру үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;

      4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;

      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет