Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы



бет19/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   626
25-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы

      Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiнде мынадай:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы;

      3) салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi, оның ішінде:

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;

      жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді;

      радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;

      ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді;

      шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;

      бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды жүзеге асыратын;

      4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;

      5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыратын;

      6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;

      7) нотариаттық әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;

      8) қорғаншылық пен қамқоршылықты;

      9) көлік пен коммуникацияларды;

      10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын;

      11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен;

      12) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



26-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті тұлғалардың салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі мiндеттерi

      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тiркеуді, қайта тiркеудi және есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген, қайта тіркелген, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тiркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені, қайта тіркелгені, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тiркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық органына, екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынуға мiндеттi.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар лицензиялар және оларға қосымша (қосымшалар), куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке төленетін төлемдер салынатын объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 18-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмдерде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi.

      Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмдерде және нысандар бойынша өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi.

      3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша салық органдарына ұсынуға мiндеттi.

      4. Бюджетке төленетін төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, ұсынылатын мәліметтерде салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi.

      5. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган олардың келу мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салық органына олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

      6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуы тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша;

      2) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді уәкілетті органмен келісу арқылы инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      7. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 650-бабына сәйкес салықтық міндеттемелер туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жеріндегі салық органына акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынуға мiндеттi.

      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы ісер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жеріндегі салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қатысты құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық бөлімшелері қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтерді салық органдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      12-тармақ 01.01.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      12. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидия сомалары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

      13. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
      14. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
      15. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
      16. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
      17. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
      18. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
      19. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      20. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді салық органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының автоматтандырылған өзара іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтылымды пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ұсыну уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметтерін қағаз жеткізгіште ұсыну талап етілмейді.

      21. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны шығарушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді.

      22. Жергілікті атқарушы органдар халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы есепті орналасқан жеріндегі салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      23-тармақ 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      23. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі міндеттері

      Ескерту. 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда– ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер:

      1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;

      2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.

      2. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар:

      1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;

      2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.

      3. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:

      1) бейрезидент-жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;

      2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.

      4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді– ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет