Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері



бет27/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   626
41-бап. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық міндеттемелер сенімгерлік басқарушының орындауына жатады.

      2. Сенімгерлік басқарушы, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді:

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілетін болса – мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін болса – мүлікті сенімгерлік басқару шарты немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті жасалған күннен бастап орындайды.

      3. Сенімгерлік басқарушы:

      егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемені өз атынан, қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен орындайды;

      мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде салықтық міндеттемені орындау мақсатында осы Кодекстің 194-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.

      4. Егер мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік мекеменің мүлкі сенімгерлік басқарушыда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынбайтын жағдайда, онда мұндай мүлікті қабылдап алу-беру актісінде мұндай мүліктің акт жасалған күнгі баланстық құны көрсетілуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет