Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық міндеттемені орындау кезінде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу ерекшеліктері



бет25/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   626
37-бап. Салықтық міндеттемені орындау кезінде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу ерекшеліктері

      1. Төлем көзінен ұсталатын салықтардың сомасын есептеуді салық агенті жүзеге асырады.

      2. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу жөніндегі міндет салық органына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктелуі мүмкін.

38-бап. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері

      1. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері осы Кодексте белгіленеді.

      2. Мерзімнің өтуі салықтық міндеттемені орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиға немесе заңды әрекет орын алған күннен кейінгі күннен басталады.

      Мерзім салықтық кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемені мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

      Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені салықтық кезең аяқталғаннан кейін орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет