261-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерім
1. Жер қойнауын пайдаланушының өзінің жұмыскерлері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды оқытуға, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға іс жүзінде шеккен шығыстары шығыстары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сомалар шегінде шегерімге жатқызылады.
Жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерді жер қойнауын пайдаланушының өндіріс қызметімен байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған шығыстары осы Кодекстің 257-бабына сәйкес шегерімге жатқызылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталғанға дейін іс жүзінде шеккен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сомалар шегінде, осы Кодекстің 258-бабында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызылады.
3. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының:
1) қазақстандық кадрларды оқытуға іс жүзінде шеккен шығыстары деп:
Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған ақша;
Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арнап мемлекеттік бюджетке аударылған ақша;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша сатып алу түрінде Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру бөлігінде орындау мақсаттарында салық төлеуші шеккен іс жүзіндегі шығыстар танылады;
2) өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға шеккен іс жүзіндегі шығыстары деп – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстар, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттік бюджетке аударылған ақша танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |