Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегеру



бет221/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   626
262-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегеру

      Егер теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырма сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кету шамасы шегерімге жатады.



263-бап. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің шегерімі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер:

      1) есепті салықтық кезеңде – есепті салықтық кезең және (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдер үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте;

      2) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде – есепті салықтық кезең үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте шегерімге жатады.

      Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстiң 102 және 103-баптарында айқындалған тәртiппен есепке жатқызу жүргiзілгені ескеріле отырып айқындалады.

      Салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар және төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      2. Қарыз шартын жасасу кезінде жарғылық капиталына шет мемлекет қатысқан бейрезидент-банктен алынған қарыз бойынша осындай қарыз шартына сәйкес төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы қарыз алушының меншікті қаражаты есебінен бейрезидент-банкке төленуге жататын сыйақы сомасынан төленсе, егер мұндай қарыздың сомасы республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген, тиісті салықтық кезеңнің 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 000 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, төлем көзінен алынатын көрсетілген салық шегерімге жатқызылады.

      3. Мыналар:

      1) жылдық жиынтық кіріс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;

      2) корпоративтік табыс салығы және Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген, заңды тұлғалардың кірістеріне (пайдасына) салынатын, корпоративтік табыс салығына ұқсас салықтар;

      3) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде төленген салықтар;

      4) үстеме пайда салығы;

      5) жер қойнауын пайдалануға балама салықтар шегерімге жатпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет