Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация



бет306/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   626
363-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

      1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай резидент-салық төлеушілер тапсырады:

      1) дара кәсіпкерлер;

      2) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      3) мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар;

      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған жеке тұлғалар;

      5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агентіне қатысты емес кірістер алатын үй жұмыскерлері;

      6) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiмен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      7) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      8) еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша кірістерді алатын (алуға жататын), Қазақстан Республикасының резидент-еңбекші көшіп келушілері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер;

      9) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алатын медиаторлар;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістерді алатын жеке тұлғалар;

      11) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

      12) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлік бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар:

      шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (құқықтары және (немесе) мәмілелері) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;

      эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегі де мүлкі туралы декларацияны тапсырады.

      Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында жүрген тұлғалар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмайды.

      3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырмайды.




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет