614-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп танығаны үшiн – 1 АЕК;
2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн – 15 АЕК;
3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретінде тiркегені үшiн – 1 АЕК.
Ескерту. 614-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |