72-тарау. ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРУҒА АЛЫП КЕЛМЕЙТІН БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
645-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі
1. Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент-заңды тұлғаның (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – бейрезидент) Қазақстан Респбликасындағы көздерден кірістеріне шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.
Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті осы баптың 9-тармағында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабында көрсетілген кірістер сомасына осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану жолымен есептейді.
Төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстауды салық агенті:
1) есепке жазылған және төленген кірістер бойынша – бейрезидентке кірістерді төлеу күнінен кешіктірмей;
2) шегерімге жатқызылған, есепке жазылған және төленбеген кірістер бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін осы Кодекстің 315-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.
2. Салық агентi төлем көзiнен корпоративтік табыс салығын бейрезидентке кіріс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан ұстайды.
3. Бейрезиденттің кірістеріне төлем көзінен салық салу осы бейрезиденттің өз кірістеріне үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өзінің құрылымдық бөлімшелерінің пайдасына билік етуіне қарамастан жүргізіледі.
4. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 228-бабына сәйкес айқындалады.
5. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірістерінен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті оны ұстамай өз қаражаты есебінен төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалды деп есептеледі.
6. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке кіріс төлейтін және салық агенттері таныған мынадай тұлғаларға жүктеледі:
1) дара кәсіпкер;
2) Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға оның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті деп танылады;
3) Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше ашпаған тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға оның құрылымдық бөлімше ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті деп танылады;
4) бейрезидент-заңды тұлға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті;
5) осы баптың 9-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген мүлікті сатып алатын бейрезидент-заңды тұлға.
7. Ақшаны қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарда, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістерді төлеу бойынша бейрезидент алдындағы берешекті өтеу есебіне жүргізілетін борыш талабын есептеп шығару және (немесе) есепке жатқызу кірісті төлеу деп түсініледі.
Осы бөлімнің мақсатында осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салық салу объектілерін түзету кезінде туындайтын дивидендтерге салық салынған кезде осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау кірісті төлеу деп түсініледі.
Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін осы Кодекстің 315-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім кірісті төлеу күні болып табылады.
8. Бейрезидентпен жасалған келісімшарттар Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке-жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде бейрезидент орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрі ретінде қаралады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша бейрезиденттің жалпы кірістер сомасы негізді түрде Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге бөлінуге тиіс.
Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған, Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге және оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге бейрезиденттің жалпы кіріс сомасын бөлуді растайтын есептік құжаттаманың көшірмелерін көрсетілетін қызметтерді алушыға ұсынуға міндетті.
Осы баптың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын бейрезиденттің кіріс сомасының төмендеуіне алып келген, бейрезиденттің кірісін осындай бөлу болмаған немесе негізсіз бөлген кезде жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасында, сол сияқты оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден бейрезиденттің алған жиынтық кіріс сомасы салық салуға жатады.
9. Мыналар салық салуға жатпайды:
1) тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілсе, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстар ескеріле отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға шығыстар енгізілсе, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан жеке көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;
2) резидент-банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және олар бойынша есеп айырысуларды, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін кірістер;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күні болатын бағалы қағаздар бойынша осындай дивидендтер мен сыйақылар;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, егер осы тармақтың 3), 5) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленеді;
дивидендтер төлейтiн резидент-заңды тұлға дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнында дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан аспайды деген шарттар орындалған кездегі дивидендтер.
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақшаның екінші бөлігіне енгізілген өзгеріс 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.
Егер, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда, дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізсе, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату қолданылмайды;
егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленудің осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.
Осы тармақшаның ережелерi резидент-заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс;
резидент-заңды тұлға құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза кірістің бiр бөлiгi;
құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлікті қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционал азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесiн құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана осындай жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
5) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, егер осы тармақтың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғалар бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне бейрезидент-салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақшаның бірінші бөлігі үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 01.01.2022 дейін қолданыста болады).
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақшаның бірінші бөлігі үшінші абзацының осы редакциясы 01.01.2019 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
дивидендтер төлейтін резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға дивидендтер есепке жазылған айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асырады деген шарттар орындалған кезде төлейтін дивидендтер.
Егер дивидендтер төлейтін резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізсе, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
егер тұтастай алғанда осындай жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату қолданылмайды;
егер тұтастай алғанда резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген, осындай жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленудің осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
Осы тармақшаның мақсатында көмірді қоса алғанда, кейіннен қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде оны одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Осы тармақшаның ережелері резидент-заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс;
резидент-заңды тұлға құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлікті қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционал азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында осы қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күні болатын бағалы қағаздарды ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;
8) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциум қатысушысы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғаға немесе консорциумға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленудің осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақшаның үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 01.01.2022 дейін қолданыста болады).
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақшаның үшінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2019 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.
Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде оны одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
9) резидент-сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есепке жазылған) сыйақылар сомасы;
10) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін кірістер;
11) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер;
12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге бiрыңғай құбыржолдары жүйесi арқылы тасымалданатын шикi мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;
РҚАО-ның ескертпесі!
13) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
13) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы;
РҚАО-ның ескертпесі!
14) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
14) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында айқындалған тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы.
Ескерту. 645-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |