Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі мен мерзімдері



бет527/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   626
647-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі мен мерзімдері

      1. Бейрезиденттің кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салық агентінің бюджетке:

      1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша – кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;

      2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда, осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салықтық кезеңнің соңғы күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуына жатады.

      Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;

      3) алдын ала төлем төленген жағдайда – төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуына жатады.

      2. Егер бейрезидент кірісінің есепке жазылған сомасы осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылса, бірақ бұл ретте бейрезидентке мұндай кірісті төлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығы салық агентінің осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде бюджетке аударуына жатады.

      3. Төлем көзінен бейрезиденттің кірісінен табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрған жері бойынша салық агенті жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет