629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi
1. Консулдық алым консулдық әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
3. Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу алымды төлеу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
4. Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының аумағында – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке консулдық әрекеттер жүзеге асырылатын жер бойынша немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
Консулдық алым қолма-қол ақшамен төленген жағдайда, консулдық алымның осы сомасын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде – шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банктік шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық әрекеттер жасалатын елдің валютасымен немесе кез келген басқа еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.
6. Шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме олар қабылданған күннен бастап операциялық он күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне шетелдік банктік шотқа есепке жатқызу үшін тапсырады.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды шетелдік банк дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингіне, швейцар франкіне, Канада долларына, жапон иеніне, Ресей рубліне, Қытай юаніне айырбастайды.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.
Шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына одан әрі бюджет кірісіне есепке жатқызу үшін аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге консулдық алымдардан түсетін ай сайынғы түсімдер 1 000 АҚШ долларынан аз болса, оның есепті кезеңнің соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетілген валюта түрлеріндегі баламасын құраса, аудару тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен шетелдік валютадағы корреспондеттік шоттар бойынша үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлем құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.
7. Төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
71-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ
РҚАО-ның ескертпесі!
71-тарау 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
630-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
631-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
633-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
19-БӨЛІМ. БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ
Достарыңызбен бөлісу: |