Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық есептілікті ұсыну ерекшеліктері



бет529/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   626
649-бап. Салықтық есептілікті ұсыну ерекшеліктері

      Қазақстан Республикасында қызметін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тұрған жерiндегі салық органына осы Кодекстің 315-бабында белгіленген мерзімде тапсырады.



650-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есептеу, ұстау және аудару

      1. Осы бап мыналарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістеріне қолданылады:

      1) құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлік;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлік;

      3) резидент шығарған акциялар және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлғаның немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумдағы жарғылық капиталына қатысу үлестерін;

      4) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында немесе 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген кезде, резидент-заңды тұлға шығарған акциялар және резидент-заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерi;

      5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында немесе 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген кезде, бейрезидент-заңды тұлға шығарған акциялар және бейрезидент-заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерi.

      Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен айқындалады:

      1) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткiзу кезінде – мүлікті өткiзу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;

      2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткiзу кезінде – осы Кодекстiң 228-бабына сәйкес.

      Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақтың мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      2. Осы баптың және осы Кодекстің 288, 341, 645 және 654-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің акциялар (қатысу үлестері) өткізілетін немесе дивидендтер төленетін күнге заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі оның (олардың) акцияларын немесе оған (оларға) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (оған) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны (құндары) сомасының осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.

      Осы баптың және осы Кодекстің 288, 341, 645 және 654-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің қатысу үлестері өткізілетін күнге консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы үлесі оның (олардың) акцияларын немесе оған (оларға) қатысу үлестерін оған (оларға) қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны (құндары) сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құнының сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.

      Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны мыналардың баланстық құны деп танылады:

      1) дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесі;

      2) дивидендтер төлейтін немесе оның (оған) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялар.

      Дивидендтер төлейтін немесе оның (оған) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға активтерінің жалпы құны деп осындай заңды тұлғаның барлық активтерінің баланстық құнының сомасы танылады.

      Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (оған) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе оған қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:

      1) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнге;

      2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнге жеке қаржы есептілігі болмаған кезде – дивидендтер төленетін немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілетін күннің алдындағы соңғы есепті күніне жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.

      3. Осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген кірістерді қоспағанда, бейрезиденттің осы баптың 1-тармағында көрсетілген кірістері осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

      4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады:

      1) сәйкестендіру нөмірі және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогы және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізетін және сатып алатын заңды тұлғаның атауы және (немесе) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағалары;

      3) жасалған мәміле бойынша кірісті төлеу күні;

      4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының алдыңғы қызметі туралы мәліметтер;

      5) мүлікті өткізетін тұлғаның басқа тұлғалармен үлестестігі туралы мәліметтер (тікелей немесе жанама қатысу мөлшері).

      5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның тұрған жеріндегі салық органына жібереді.

      6. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның тұрған жеріндегі салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.

      7. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізетін тұлға сатып алушы салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжат ұсынылмаған жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

      8. Төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік кіріс төлейтін салық агентіне жүктеледі.

      Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімшесінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті деп танылады.

      9. Салық агенті болып табылатын бейрезидент осы Кодекстің 76-бабында айқындалған тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.

      10. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті кіріс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидентке кіріс төлеу кезінде ұстайды.

      11. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде кіріс алатын бейрезидент осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлемені осындай кіріс сомасына қолдану арқылы табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.

      12. Табыс салығының сомасын бюджетке аударуды салық агентi осы Кодекстiң 647-бабында белгiленген мерзiмдерде жүргiзедi.

      Осы баптың 11-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық есептілікті салық агенті осы Кодекстің 648 және 657-баптарында белгіленген мерзімдерде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебі орнындағы салық органына ұсынады.

      Табыс салығын осы баптың 11-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 315 немесе 659-баптарында белгіленген мерзімде тапсырады.

      13. Табыс салығын жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлға салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте табыс салығын осындай резидент-заңды тұлға салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Бейрезиденттiң кірістерінен төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық есептілікті осындай резидент-заңды тұлға салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей резидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.

      Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлғаға аударған табыс салығының сомасы осындай резидент-заңды тұлғаның кірісі деп танылмайды.

      14. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 12 және 13-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлғаның осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде бейрезидент үшiн құн өсiмiнен түсетін кірістерден табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.

      Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент-заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеген кезде өзінің тұрған жеріндегі салық органына бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық есептілікті осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте бейрезидент үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын кірісін айқындаған кезде шегерiмге жатқызылмайды.

      15. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлға осы баптың 10, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 13 және 14-тарауларында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлғаға жүктеледі.

73-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет