Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар мен дара кәсіпкерлерге салық салу



бет577/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   573   574   575   576   577   578   579   580   ...   626
709-бап. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар мен дара кәсіпкерлерге салық салу

      1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері (салық салу объектілері) бойынша жер салығының, мүлік салығының және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының бюджетке төленуге жататын сомасын айқындау кезінде есептелген салық және (немесе) төлемақы сомасын 100 пайызға азайтады.

      Осы тараудың мақсатында осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азайту салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар болып табылады.

      Салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар:

      арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалатын айдың 1-күнінен бастап – жер салығы бойынша;

      салық салу объектісі пайда болған күннен бастап, бірақ арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалған күннен кейін – мүлік салығы бойынша;

      арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалған айдың бірінші күнінен бастап – уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ арнайы экономикалық аймақтың қолданылу мерзімінен аспайтын жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша қолданылады.

      2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан салық салу объектілері (салық салу объектісі) пайдаланылған жағдайда, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде де, қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде де осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің ережелері қолданылатын салық немесе төлемақы сомасы қызметтің басым түрлерінен түсетін кірістердің жылдық жиынтық кіріске үлес салмағына пропорционалды түрде айқындалады.

      3. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес салық және төлемақы бойынша преференциялар оларды қолдану басталған күннен бастап жойылады.

      Бұл ретте салық төлеуші шартты бұзу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, олардың қорытындысы бойынша ол осы баптың 1-тармағының ережелерін қолданған салықтық кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілікті табыс етуге міндетті.

      4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынған кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі, мұндай өткізу "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кіретін жағдайларды қоспағанда, мынадай құрылыс объектілерін:

      жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (мәтін алып тасталды).

      5. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын айқындау кезінде, есептелген жеке табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. Осы тармақтың ережесі қызметін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге қолданылады.

      6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер қызметтің тиісті басым түрі және қызметтің өзге түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

      7. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымның немесе дара кәсіпкердің қызметтің басым түріне жатпайтын өзге түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістеріне жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы салынуға жатады.

      8. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.

      9. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым қызметтің басым түрлерін жүзеге асырумен айналысатын жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша бюджетке төленуге жататын есептелген әлеуметтік салықтың сомасын, мұндай шығыстар салықтық кезең үшін мұндай ұйымның бухгалтерлік есебі бойынша шығыстарының жалпы сомасының кемінде 70 пайызын құрайтын жағдайда 100 пайызға азайтады. Осы тармақта көрсетілген шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Осы тармақтың қолданылу мерзімі заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартты жасасқан айдың 1-күнінен басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   573   574   575   576   577   578   579   580   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет