706-бап. Жекелеген салық және бюджетке төленетін төлемдер түрлерін төлеу мерзімдері
1. Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен:
1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомаларды төлеу – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде;
2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомаларды төлеу – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi.
2. Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі.
707-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын тапсыру мерзімдері
1. Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.
2. Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесі тұрған жердегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
21-БӨЛІМ. ҚЫЗМЕТІН АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР АУМАҚТАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
79-тарау. ҚЫЗМЕТІН АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР АУМАҚТАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
Достарыңызбен бөлісу: |