Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет576/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   626
708-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстің қолданылу мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын;

      2) тұрған жеріндегі арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағы құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде салық төлеуші ретінде тіркелген;

      3) арнайы экономикалық аймақта қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылым және объектілер болған кезде, өкілдіктерді қоспағанда, заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағы шегінен тыс жерлерден филиалдарға және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге ие болуға құқылы емес;

      4) арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

      Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды.

      2. Осы Кодекстің қолданылу мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым деп бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына қатысушы болып табылатын;

      2) тұрған жерінде салық төлеуші ретінде тіркелген;

      3) өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;

      4) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрін жүзеге асыратын заңды тұлға да танылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолдану мақсатында арнайы экономикалық аймақты құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша көрсетілген арнайы экономикалық аймақтың аумағы шегінен тыс жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің жеке тізбесін айқындайды.

      3. Осы Кодексті қолдану мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер деп бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағына қатысушы болып табылатын;

      2) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органында немесе құзыретіне "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағы жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде салық төлеуші ретінде тіркелген;

      3) өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;

      4) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін, қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын тұлға танылады.

      "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға және дара кәсіпкерлерге:

      1) жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;

      3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер;

      4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасасқан келісімшарттар бойынша – инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын (қолданған) ұйымдар;

      5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;

      6) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.

      5. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға қосылған құн салығын салу, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі осы Кодекстің осы бөлімінде және 389, 390 және 391-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      6. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасасқан күннен кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын, жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде қолданылатын азайту мөлшерлерін алып тастауды және (немесе) өзгертуді көздейтін болса, мұндай ұйым немесе дара кәсіпкер осындай шарт жасасу күніне қолданыста болатын осы тараудың ережелерін қолданады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ осындай бірінші өзгеріс және (немесе) толықтыру қолданысқа енгізілген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты арнайы экономикалық аймақты басқару органы біржақты тәртіппен бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет