422-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері
1. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.
2. Осы Кодекстің 44-тарауында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.
Осы Кодекстің 44-тарауына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілген айналым осы баптың 1-тармағында көрсетілген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерінің, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
3. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 380-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша – тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болатын;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша – оларды сатып алған күні қолданыста болатын мөлшерлемесі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |