ҚБ:Топтар бір-бірін шаблон арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.
«Диалог» әдісі. Мұғалім: 1) осы есептерді шығару барысында қандай қиындықтар кездесті ?
2) осы айтылғандардан қандай қорытынды шығаруға болады?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Қорытынды:
Жиындардың қиылысуын табу үшін екі жиынның мәліметтерін қосып, шыққан нәтижеден барлығын азайту керек.
Жиындардың бірігуін табу үшін әр жиынның және олардың қиылысуындағы мәліметтерді тауып, сосын оларды қосу керек.
Флипчарт,
Маркерлер
Слайд презентация
Үлестірме қағаздар
8 минут
Оқушылар осы мәтін есептерді Эйлер–Венн диаграммасын қолданып, тез шығарып алуға болады екеніне көз жеткіздік. Енді осындай мәтін есептерді шығаруды қарастырайық.
Жеке жұмыс. Оқушылар оқулықтағы тапсырмалармен жұмыстанады.
Саралау тәсілі: тапсырма
А деңгей: №1070 Сыныпта 17 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады. Сыныптағы неше ұл бала бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады?
ҚБ: "Бағдаршам" Жасыл түсті көтерсе, толық шығардым.
Сары түсті көтерсе, жартылай шығардым.
Жасыл түсті көтерсе, толық шығардым.
№1072 Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар?
А. 12 турист; В. 11 турист; С. 15 турист; D. 17 турист.
Қазақ тілін білетіндер – 10
Орыс тілін білетіндер – 8 ?
Екеуін де білетіндер - 3
Шешуі: 10 – 3 = 7
8 – 3 = 5
3 + 5 + 7 = 15
Жауабы: топта 15 турист бар