ҚДР-ҚАР
Өзбекстан, Қазақстан түрғын-
дары сөйлейді. Екі диалекгісі бар:
солтүстік-шығыс және оңтүстік-
батыс. Олардың фонетикалық
айырмашылығы бар. Қ.т. ерек-
шелікгері: жалпы түркі -ч және -
ш, Қ.т.-де -ш және -с-ға ауысады.
Бұл жағынан Қ.т. қазақ және
ноғай тіліне өте жақын тіл. Қазақ
тіліндегі тас-тар, Қ.т.-де тас-лар
болып келеді. Бүл жағынан Қ.т.
оғыз тобына жақын түрады. Қ.т,-
де бұлғар тілдерінің, мыс., чуваш
тілінің әсері байқалады. Ертеде
қарақалпақтар көне өзбек тілін
білген. 1924-28 жж. бастап араб
тете жазуын, кейін латын, ал 1940
ж. бастап орыс жазуын пайда-
ланып келеді.
КДРАПАЙЫМ СӨЙЛЕУ-үлттық
тілдің біртүрі. Қ.с. (просторечие)
диалект, ж аргон жэне халық
говорларымен бірге хапықтың
а уы зе кі тіл ін е жатады . Қ .с.
диалект ire тәуелді болмайды.
Қ.с. тек орыс лингвистикасында
ғана бар уғым, сондықтан Қ.с.
басқа тілдерде болмауы мүмкін.
КДРАТПА СӨЗ - біреуге ар-
налып айтылған сөйлемде оның
кімге арналғанын білдіретін сөз
не сөз тіркесі. Қ.с. тыңдаушының
кеңілін аудару үшін жұмсалады.
Мыс.: Шырағым, сен абыржыма.
Қ.с.-дің қызметінде, көбінесе,
жалқы есімдер, туыстық қатысты
білдіретін зат есімдер, эмоцио-
нальды мәнді есімдер жұмсалады.
121
Қ.с. сейлемнің барлық позиция-
сы нда келе б е р е д і, б ір а қ
сөйлеидегі сөздермен байланысқа
түспей, ез позициясының оңа-
шалығын және грамматикалық
дербестігін сақтайды да, сейлем
мүшесі болаалмайды. Қ.с. ерек
ше шақыру интонациясымен
айтылады. Қ.с. кейде бағытты
атап қана қойм ай, айтылар
ойдың алуан түрлі мағыналық
қы ры н да аңғартад ы . Қ .с.
диалогта, ауызекі сөйлеуде,
шешендік сөздерде, фольклорлық
шығармада, үндеулерде, керкем
әдебиетте мол қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: