Тақырып 13. Міндеттемені тоқтату
1 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1. Грачев Беловтың пәтерiндегi ас бөлмесiн 5 күн iшiнде жөндеп беретiнi туралы Беловпен келiседi. Алайда, Грачев, одан да тиiмдi тапсырыс алып‚ көрсетiлген мерзiмде ас бөлмесiн жөндеуге кiрiспейдi. Беловты кездестiрiп қалып‚ Грачев оған болған жағдайды түсiндiрiп‚ одан жөндеу жұмыстарына даярлап қойған бояуды‚ лакты‚ тақтайшаларды және ыдыс жуатын раковинаны ақысыз алып кетуін ұсынады да содан кейiн олардың мердiгерлiк шарт бойынша қатынастары аяқталды деп санайды.
Белов Грачев ұсынған заттардың бәрiн алып кетедi. Бiрақ бiраз уақыттан соң ол мердiгер таппай‚ Грачевтан бастапқыда келiсiлген сыйақы үшiн мердiгерлiк жұмыстарын орын-дауды талап етедi. Грачев талапты қабылдамайды‚ оның ойынша‚ олар шарттың қысқартылуы туралы келiскен болатын және бас тарту төлемi ретiнде ол Беловқа аталған материалдарды берген болатын. Бұл дауда кiмдiкi дұрыс?
№ 2. «Ударник моря» АҚ танымал суретшімен қоғамның кейбір қызметкерлерінің портреттерін жазу туралы келісімшартқа қол қойып, оларға сыйлау мақсатында «Балықшылар күні» мерекесіне тапсырды.
Суретші эскиздерді жаздырып, автокөлік апатына ұшырады, соның салдарынан ол өз кәсіби қабілетін жоғалтты және АҚ-нан жасалған жұмыстардың құнын төлеуді талап етті. АҚ жұмысының аяқталмай жатқандығын ескере отырып, ақы төлеуден бас тартты. Суретші сотқа талап-арыз берді.
Достарыңызбен бөлісу: |