СалықТЫҢ пайда болуының негізгі экономикалық МӘні


ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТШЛДІРУ



бет6/9
Дата08.02.2022
өлшемі302 Kb.
#118859
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kurs 2505 (1)

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТШЛДІРУ

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оларды құрудың және алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін кұрайды. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды кұру мен алудың нақтылы әдістерін белгілейтін, яғни салықтардың нақтылы элементтерін анықтайтын тиісті


заңнамаларға негізделеді.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінін бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда мен көтерме сатып алу бағаларын және мемлекеттік
реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғанан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар зандарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы кұжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы каңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекетгік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Рсспубликасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасынын ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халыкаралық салық салу кағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты.
Енді бұрынғы 43 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып,
олардын саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №440-1заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жнынтығы әр түрлі кағидаттар бойынша жікгеледі:

  • салық салу объектілері бойынша;

  • салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

  • пайдалану тәртібі бойынша;

  • объектінің экономикалық белгісі бойынша.

Салықтарды салу объектісі бойынша салықтар тура және жанама болып бөлінеді.
Тура салықтар - салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақша капиталы және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар - бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы - жеке салық салу әрбір салық төлеушінін жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар - бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған кұн сатығы, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмепен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің үдерісіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығыңда, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметгің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелен байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпы мемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін калыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет