29-есеп
Персия шығанағындағы коралл рифтерінің қалыңдығы 2,5км-ге жетеді. Бұл рифтің қанша уақытта түзілуі мүмкін, егер де осы рифке созылып, батып кеткен кеме 20жылда 60см қабатпен қапталған.
2,5км=2500метр 20х2500
20жылда-60см х= =833,3жыл
х-2500м 60
30-есеп
Бір инфузория-туфельканың бір сағат ішінде әр вокуольде 30-ға жуық бактериясы бар. 60 асқорыту вокуольдерін түзетіні белгілі. Онда инфузория-туфелька бір тәулікте қанша бактерияны жоюы мүмкін.
30х60=1800
1800х24сағ.=43200 бактерия жояды.
31-есеп.
Ішінде топырағы бар кішкентай, аузы ашылған қораптың массасы 2кг болған. Бір жетіден кейін бұл қораптың массасы 1кг 850гр-ға төмендеді. Топырақ массасының өзгеруіне ең дұрыс түсініктеме беріңіз.
А) бір жетіден барлық микроорганизмдер өлді
Б) бір жеті су буланды
В) бір жеті ішінде топырақтан ауа ұшып кетті
Г) бір жеті ішінде барлық күрделі органикалық заттар ыдырады.
32-есеп.
Теңіз шығанағындағы 30-ға жерге қос жақтаулы моллюскалар-мидияларды өсіру жоспарланып отыр. Егер мидиялар 1м2 жерге 20кг-ға дейін жиналатын болса, қандай өнім алуға болады? Шығанақта мидияларды өсірудің экономикалық және экологиялық маңыздылығын дәлелдеңіз.
1га=1000м2
1000м2х30=30 000м2
30 000м2 х 20=600 000кг
33-есеп.
Спортсмен 815 секунд ішінде 5000 м жүгіріп өтті. Егер спортсменнің жүрегі минутына 150 рет жиырылса, әр жиырылған сайын қанның 150см2 мөлшері шығарылады. Сонда спортсменнің жүрегі қанның қанша литрін өткізеді?
815сек=13,5мин
13,5мин х 150=2025 рет жиырылады
2025 х 150см3= 303750см3=303,75 литр қан өткізеді.
34-есеп
Егер бүйрек тәулігіне 1700 литр қан өткізеді деп есептейік. Жасөспірім организмінде қан дене массасының 10%-ын құрайды. 50кг массасы бар жасөспірім бүйректерінен қанның қанша рет өтетінін есептеңіз.
50кг-100% 10х50
х-10% х= =5кг
1700:5=340 рет өтеді . 100
35-есеп
Қан альбумин белогының молекулалық салмағы 68400 дальтон деп есептейік. Осы молекуладағы аминқышқылдарының санын анықтаңыз. 1 аминқылының салмағы -120дальтон.
68400:120=570 аминқышқылы
36-есеп
Молекулалық массасы 69000 тең ДНҚ молекуласы берілген, оның 8625 аденин нуклеотидтерінің үлесіне тиеді.
(1 нуклеотидтің салыстырмалы молекулалық массасы- 345тең)
А) әрбір нуклеотидтің молекулалық массасының пайыздық мөлшерін анықтаңыз?
Ә) жеке-жеке қанша нуклеотид бар?
Б) берілген молекуланың ұзындығы қандай?
А) 69000-100% х=12,5(А) 37,5%(Ц)
8625-х х=12,5(Т) 37,5% (Г)
Ә) 69000:345=200 нуклеотид бар.
200-100% х=25 Аденин (А)
х-12,5% х=25 Тимин (Т)
200-100% х=75 Цитозин (Ц)
х-37,5% х=75 Гуанин (Г)
200 нуклеотидтің 25(А), 25(Т), 75(Ц), 75(Г) үлесіне тиеді.
Б) 200:0,34нм=68нм тең.
37-есеп
Ақуыздың молекулалық массасы х=50 000
Тиісті генінің ұзындығын есептеңіз. (аминқышқылдың молекулалық массасы-100-ге тең 1 нуклеотидтің массасы-350-ге тең)
50 000:100=500 аминқышқылы бар
500:3=166,6 нуклеотид бар
166,6х0,34нм=56,6нм-ге т
Достарыңызбен бөлісу: |