Салт-дәстүрім ‒ қазынам Мақсаты



бет1/3
Дата31.01.2018
өлшемі1,08 Mb.
#37244
  1   2   3
Салт-дәстүрім ‒ қазынам

Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру,

ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі-өнеге алу, жаман мен жақсыны ажырата

білуге, аталы сөзден ғибрат алуға баулу және ұлттық мақтаныш

сезімдерін ояту.

Достыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, «Дәстүрсіз халық жоқ» атты көрме,

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, этнография.



1‒ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін өткізгелі отырған «Салт-дәстүрім ‒ қазынам» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Дәстүрсіз халық жоқ. Қай ұлттың болмасын өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Қазақ халқы салт-дәстүрлерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.

«Салт-дәстүрін сақтамаған,

Ана сүтін ақтамаған» ‒ демекші біз өзіміздің халықтық дәстүрлерімізді құрметтеуіміз керек.



2 ‒ жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырып өтейік.

1 топ: Алғырлар тобы. Топ басшысы: Жапаров Мирас

2 топ: Тапқырлар тобы. Топ басшысы: Мәсәлім Ерасыл

1‒ жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын топтарымызға әділ бағасын берер әділ қазылар алқасымен таныстырайық:

1. Шоманова Ажар Ахметкаримқызы ‒ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2. Тұйғынбекова Гауһар Әуелбекқызы ‒ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3. Қуатова Айнұр Сәбитқызы ‒ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



2 ‒ жүргізуші: Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1- кезең: «Ата салты ‒ асыл мұра» деп аталады. Бұл бөлімде сіздер ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап бересіздер.

2 кезең: «Көрініс» Салт-дәстүрге байланысты көрініс көрсетесіздер.

3 кезең: «Өнерлі өрге жүзеді» деп аталады. Бұл кезеңде сіздердің өнерлеріңізді тамашалаймыз.

4 кезең: «Мақал ‒ сөздің мәйегі» деп аталады. Мақал-мәтел айтудан сайыс.

1‒ жүргізуші: Сайысымыздың 1-ші кезеңін бастаймыз.

1 кезең: «Ата салты ‒ асыл мұра» Экранға назар аударыңыздар. Экранда салт-дәстүрлердің түрлері беріледі. Сіздер оның қандай дәстүр екенін түсіндіріп айтасыздар.

2 ‒ жүргізуші: Бастаймыз.

1-топ Дайынсыздар ма? Мұқият болыңыздар.



1. Байғазы

(Дұрыс жауабы) Байғазы – қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығының бір түрі. Байғазыны көбінесе жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер байғазы (ақша, малдың төлі т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, жақсы тілек білдіреді.



2. Жасау

Жасау беру - ежелден келе жатқан қазақ халқының салт- дәстүрінің бірі. Қыз шешесі жасауды, қызы бой жетпей тұрып-ақ, жасап қоятын болған. Жасау - қызға берілетін дүние-мүліктер.

3. Сыралғы

Сыралғы – дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол сыралғы деп аталады. Аңшылар сыралғының сөзін жерге тастамайды.

4. Асар жасау

Асар, үме – көпшілітің жәрдемін пайдалану дәстүрі. Қазақ арасында ертеден бар. Қауырт күш жұмсауды және тез бітіруді талап ететін жұмыс кезінде ауылдастар мен руластар, дос-жарандар жабыла жұмылып, істі тындырады. Мұндай іске қой тоғыту, қой қырқу, тай таңбалау, жылқы күзеу, үй көтеру, киіз басу, бие байлау, соғым сою, егін ору, шөп шабу, пішен жинау, той жасау, ас беру, келін түсіру, қыз ұзату т.б. жатады.

5. Сәлемдеме

Біреy арқылы жібеpілетін аманат зaт, тyыстық жағынан жaқын адaмдардың бір-біpінe жіберeтін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды. Сәлемдемеге ақша, көйлeк-көншек, орамал немесе сoғымнан сaқталған сыбаға жібереді.



6. Селт еткізер

 Наурыз мейрамымен бірге келетін ұлттық салт-дәстүр. Жүрегін махаббат оты жаулаған ғашығына бұл күні серілеріміз «селт еткізілерге» тазалықтың, пәктіктің нышаны (белгісі) ретінде айна, тарақ иіс су сыйлаған екен.

7. Көгентүр (көгендік)

Көгентүр – бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый-қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрмет көрсетудің белгісі десе де болады.



8. Ауыз тию 

Ғұрып. Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл «қара шаңырақтың иесі» қолдасын деген сенімінен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстінде келген адам дәмнен ауыз тиюге тиісті деген ырым бар. Қазақтың дәстүрі бойынша, үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармау керек

1‒ жүргізуші: Келесі кезекті 2-топқа береміз.

1. Енші

(Дұрыс жауабы) Енші – қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесті енші дейді.

Енші – балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.

2. Бәсіре атау

Бәсіре – халқымыздың ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі. Ата-ана баласына арнап, көбінесе жас төлге ен салады да, бәсіре деп айтады. Әдет бойынша, бәсіре тек аталған баланың қажетіне жаратылады.
3. Тоқым қағу

Тоқым қағар – қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады.
4. Ерулік

Ерулік ‒ ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе сол ауылдың тұрғындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңадан қоныстанушыны бөтенсітпей ортаға тартудың, сыйластықтың белгісі.
5. Базарлық  

 Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. 


6. Саумалық

Саумалық ‒ Наурыз туып, жер көктеп, күн жылынғанда өлеңмен айтылатын дәстүрлі тілек.

7. Қымызмұрындық

Алғашқы қымызды ауыл адамдарын шақыртып беретін салт.



8. Кеусен

егіншілердің өнімдерін ауылдастарына, ағайындарына беретін үлесі.


2 ‒ жүргізуші: 1-ші кезеңнің ұпай сандардарын берсеңіздер.

1- топтың ұпай саны:

2-топтың ұпай саны:

Сайысымыздың 2-кезеңін бастаймыз.


2-кезең: «Көрініс» Салт-дәстүрге байланысты көрініс көрсетесіздер.

1-топ: Жеті жасқа келген қыз баланың құлағын тесіп, сырға салады.



Сахнада үстел қойылған. Шетінде көрпе бар. Үстел басына әжесі мен анасы келіп отырады. Сол кезде қазақша көйлек киген үш қыз шығады. Ортасындағы Айсұлу деген қызды әжесі мен анасы шақырып алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет