Әжесі: Айсұлу, қызым, келе ғой.
Анасы: Айсұлу, кел, отыр.
Әжесі: Бүгін біз сенің құлағыңды тесіп, сырға тағайық деп отырмыз. Құлақ тесуде де тәрбие жатыр. Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн - құлағын тесу. Тоғыз жасты балиғатқа толған кез деп айтады екен, ал жеті - қазақ үшін қасиетті санның бірі. Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен.
Анасы: құлағы тесілгеннен кейін оның мінез-құлқы бірден өзгереді. Осыдан бастап «сен енді сырғалы қыз боласың», «сырға таққан соң қыз санатына қосыласың. Бұдан былай қолыңа кесте алып, ою оюды үйренесің.
Әжесі: Қыз баланың құлағын тек сәндік үшін, әдемілікке бола теспейді. Бұл да - тәрбиенің бір түрі.
Анасы: Бұл - қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы. Ұл баланы сүндетке отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де - бірдей, ата-анаға парыз болып саналады.
Айым: Айсұлу, таққан сырғаң құтты болсын!
Үміт: Айсұлу, сырғаң өзіңе сондай әдемі жарасып тұр.
2-топ: «Тұсау кесу» рәсімін орындайды.
1 ‒ жүргізуші: Рахмет, өнерлеріңізге. Бұл кезеңнің ұпай сандарын білу үшін әділ қазылардың қалай бағалағанын білейік.
1 топтың ұпай саны:
2 топтың ұпай саны:
Сайысымыздың 3-кезеңін бастаймыз. «Өнерлі өрге жүзеді» кезеңінде өз өнерлеріңізді көрсетесіздер.
1-топтың өнеріне кезек берейік.
1. Ән: «Қазақтай ел қайда?»
6а сынып оқушылары: Әділжанов Әділ, Жапаров Мирас, Айамбаев Мерей
2. Би: «Қамажай»
6а сынып оқушылары: Айдынқызы Үміт, Абдықалықова Элдана, Ильсова Айым.
2-топтың өнеріне кезек берейік
1. Би: «Қара жорға»
6б сынып оқушылары: Асылғазиев Арсен, Данабеков Дастан, Сапар Сағыныш
2. Ән: «Қазағымның дәстүрлері»
6б сынып оқушысы: Қожахметова Аружан
Достарыңызбен бөлісу: |