Самиева Адилям ағылшын тіл пән мұғалімі



Дата25.02.2023
өлшемі19,2 Kb.
#170106
Байланысты:
анықтама

«Ардолайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2015-2016 оқужылында жұмысқа қабылданған жас мамандардың тізімін алу жайында берілген


Анықтама
02.09.2015 күні «Ардолайты орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2015-2016 оқу жылында жұмысқа тұрған жас мамандардың барлығының тізімі алынды.


Олар:

  1. Самиева Адилям ағылшын тіл пән мұғалімі

  2. Тохтибакиева Мая ағылшын тіл пән мұғалімі

  3. Низамдунова Паризат педагог-психолог

  4. Марипов Тохтамжан АӘД пән мұғалімі

Педагог-психолог П.Низамдунова

«Ардолайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2015-2016 оқу жылында жаңа келген оқушылардың тізімін алу жайында берілген

Анықтама
03.09.2015 күні «Ардолайты орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2015-2016 оқу жылында жаңа келген оқушылардың барлығының тізімі алынып есепке кіргізілді.


Олар:

  1. Дардамты орта мектебінен 9-сыныпқа Иминжанова Малика

Педагог-психолог П.Низамдунова


«Ардолайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-сынып оқушылары арасында «Кімге не жетпей тұр?» тақырыбында психологиялық жаттығу өткізілгендігі туралы берілген

Анықтама
04.09.2015 күні «Ардолайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-сынып оқушылары арасында «Кімге не жетпей тұр?» тақырыбында психологиялық жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында оқушылар өздерінің қызығушылық және белсенділіктерін көрсете білді.Жаттығу соңында оқушыларға:


  • Осы тапсырма несімен ұнады?

  • Несі ұнамады?

  • Тапсырманы орындау қиын болды ма?

  • Қандай қиындықтарға кезіктің?

Берілген сұрақтарға оқушылар өздерінің жауаптарын берді.
Жаттығу 15-минутқа созылды.

Педагог-психолог П.Низамдунова

«Ардолайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11-сынып ұлдары арасында «Мени қайтила» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылғандығы туралы берілген

Анықтама


07.09.2015 күні 11-сынып ұлдары арасында «мени қайтила» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Мақсаты: ұлдардың өз ара қарым-қатынасын жақсарту.Жаттығу барысында оқушылар өздерінің ойынға болған қызығушылығын көрсете білді. Соңында ойынға белсенді,атсалыса қатысқан оқушыларға мадақтама айтылды.
Жаттығу 25 минутқа созылды.

Педагог-психолог П.Низамдунова

«Ардолайты орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-сынып оқушылары арасында «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбына шығарма жазылғандығы туралы

Анықтама
09.09.2015 күні «Ардолайты орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-сынып оқушылары арасында «мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында шығарма жазылды.


Шығарма мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарасын,ынтасын анықтау.
Оқушылардың барлығы өздерінің өмірге деген көзқарастарын анық жазып шыққан.Өмір сүргісі келмейтін,өмірді жек көретін оқушыларр анықталмады.

Педагог-психолог П.Низамдунова


«Ардолайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-сынып ата-аналары арасында «Ата-ана бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға» тақырыбында баяндама өткізілгендігі туралы

Анықтама
10.09.2015 күні «Ардолайты орта мектебі» коммуналдық мемлкеттік мекемесінде 5-сынып ата-аналары арасында «Ата-ана бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға» тақырыбында баяндама өткізілді.
Баяндама мақсаты: ата-аналардың балаларына болған қарым-қатынасын жақсарту.
Баяндама барысында бүгінгі таңда балалармен дұрыс тәрбие жұмысын жүргізе алмайтын ата-аналарда көп.Кейбір ата-аналар: «Кешке дейін жұмыстамыз,кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге,сабағын қарауға уақыт жоқ деп» жатады. Баламен сөйлесуге арнаулы уақыт бөлудің қажеты жоқ. Мысалы: қызы анасымен астың қамында жүргенде, ал әке баламен үй шаруасын айналысу кезінде ортақ тақырыптар туралы пікірлесуге болады. Баяндама соңында ата – аналар өздерінің балаларына көп көңіл бөлетіндіктерін, сабағына көмектесетіндерін айтып өтті. Баяндама 25 минутқа созылды.

Педагог – психолог: П.Низамдунова


«Ардолайты ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 – сынып оқушылары арасында «Суицидтік мінез – қулықтың ерекшеліктері» тақырыбында әңгіме кеңес өткізілгендігі туралы

Анықтама
14.09.2015 жылы «Ардолайты ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 – сынып оқушылары арасында «Суицидтік мінез – қулықтың ерекшеліктері» тақырыбында әңгіме кеңес өткізілді.


Мақсаты: Оқушыларға суицидтік мінез – қулықтың ерекшеліктері туралы толық түсінік беру.
Әңгіме кеңесте оқушыларға суицид туралы және оның мінез – қулықтары жайында түсінік берілді. Оқушылар суицид туралы көкей сұрақтарын қойып өз түсініктерін молайтты. Суицидқа жол бермеу үшін не істеу керек, оның алдын – алу жолдарымен танысты.
Баяндама 25 – минутқа созылды.

Педагог – психолог: П.Низамдунова

«Ардолайты ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 – сынып оқушылары арасында «Көңіл – күй аукционы» тақырыбында психологиялық жаттығу ұйымдастырылғандығы туралы берілген
Анықтама
15.09.2015 күні Ардолайты ауылындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 – сынып оқушылары арасында «Көңіл – күй аукционы» тақырыбында психологиялық жаттығу өткізілді.
Жаттығу мақсаты: оқушылардың шаршау деңгейін түсіру, көңіл – күйін көтеру. Жүргізуші қолында сиқырлы қодбиша бар. Соның ішінде бір көңіл – күй бар. Кім соны тапса,сол алады. Оқушылар: қуаныш, таң қалу, ашу, ыза, аяныш дегендей сөздерді айтты.
Оқушылар жаттығудың көңілді екендігін айтып өтты. Жаттығу екі рет қайталанылады.
Жаттығуға - 10 оқушы қатысты.
Жаттығу 25 – минутқа созылды.

Педагог – психолог: П.Низамдунова


Ардолайты ауылындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесінде 1 – сынып оқушылары арасында «Суреттерді аяқтайық» тақырыбында психологиялық жаттығу ұйымдастырылғандығы туралы берілген


Анықтама
02.10.2015 күні Ардолайты ауылындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесінде 1 – сынып оқушылары арасында «Суреттерді аяқтайық» тақырыбында психологиялық жаттығу өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істеуін білуін дамыту.
Тақтаға қоянның суреті салынып қойылады. Оқушылардың көздері шарфпен байланып, олар кезек – кезекпен тақтаға шығып, бірі денесін салса, бірі аяғын салады, осылайша жалғасын тапты. Соңында қойылған сұрақтар:

  • Көзің байлаулы сурет салған қиын болама?

  • Қорқыныш сезімі болды ма?

  • Көзіңді байлағанда қандай ойда болдың? – дегендей сұрақтарға жауаптар берді.

Жаттығу 20 минутқа созылды.


Педагог – психолог П.Низамдунова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет