«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет32/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
33 

Есептік саясатты пайдаланудағы маңызды есептік бағалау мен кәсіби пайымдар 
(жалғасы) 
Алматы ЖЭО-2 нысанын қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайта отырып жаңғырту 
Басшылық әрбір есепті күні жекелеген активтердің немесе активтер топтарының өткен кезеңдерде көрсетілген 
құнсыздану белгілерінің болуын немесе құнсызданудың ықтимал қалпына келтірілуін бағалайды. Құнсыздану 
белгілері болған жағдайда басшылық өтелетін құнды бағалайды, ол сатуға жұмсалған шығындарды және оны 
пайдалану құндылығын шегере отырып, активтің әділ құны шамаларының ішіндегі ең үлкені ретінде 
айқындалады. Пайдалану құндылығын есептеу басшылық тарапынан қалыптасқан жағдайларда негізді деп 
саналатын бағалау деректері мен кәсіби пайымдауларды қолдануды талап етеді. 
Негізгі құралдардың құнсыздану белгілерінің бар-жоғын айқындау негізгі құралдар объектілерінің ықтимал 
технологиялық ескіруін, қызметінің тоқтатылуын, олардың пайдалы қызметінің қалдық мерзімдерін және 
пайдалану шарттарының басқа да өзгерістерін айқындауда пайымдау мен бағалауды пайдалануды да талап 
етеді. 
Алматы ЖЭО-2 нысанын қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайта отырып жаңғырту 
ҚР Президентінің атмосфераға шығарындыларды азайту бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмасын 
орындау мақсатында қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, ЖЭО-2-ні жаңғыртудың төрт нұсқасы 
қаралды: жұмыс істеп тұрған қазандықтарды газбен жағуға көшіру, қолданыстағы қазандықтарды газ тазалау 
жабдығын орната отырып қайта құру, ЖЭО-2 табиғи газға көшірмей-ақ бу-газ қондырғыларын салу және 
қосымша газ тазалау жабдығын орнату арқылы кеңейту және газбен жұмыс істейтін жаңа газ станциясын салу. 
2021 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының («ҚР») Үкіметі Алматы ЖЭО-2 алаңында қуаты 600 МВт 
бу-газ қондырғысын («БГҚ») салу жөніндегі ұсынысты мақұлдады. 
Кеңес барысында ҚР Премьер-министрі Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен
«Самұрық-Қазына» «ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Электр энергетикасы туралы» 
ҚР Заңына электр қуаты нарығының тетігі арқылы экологиялық жағдайды шешуге бағытталған жұмыс істеп 
тұрған энергия өндіруші ұйымдарға жобаларды іске асыру мүмкіндігін беру бөлігінде өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу жөніндегі мәселені пысықтауды тапсырды. 
Премьер-Министр сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ға Энергетика министрлігімен бірлесіп, белгіленген 
тәртіппен ЖЭО-2-ні газға ауыстыру, оның ішінде газ инфрақұрылымын жүргізу жобасын қаржыландыру үшін 
банктік қарыз тарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Осы тапсырма шеңберінде Топ қарыз 
қаражатын тарту арқылы жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. 
Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында шығарындылар көлемін азайту үшін 
отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы 
жаңғырту, қайта құру және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыратын энергия 
өндіруші ұйымдарға қуатқа жеке тариф ұсынуды көздейтін «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына 
түзетулер жобасы әзірленді. «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына түзетулер жобасын жасау ҚР 
Үкіметімен келісіліп, ҚР Парламенті Мәжілісіне жіберілді. Өзгерістер 2022 жылдың сәуір айында қабылданады 
деп күтілуде. 
«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына осы түзетулерді енгізу «АлЭС» АҚ-ға қарыз қаражатын қайтаруды 
және электр қуаты нарығының тетігі есебінен болашақта инвестицияның өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етеді. 
2021 жылғы 30 желтоқсанда Алматы ЖЭО-2 алаңында қуаты 600 МВт-ға дейін газбен жұмыс істейтін жаңа 
станция салу нұсқасымен қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасының 
ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК-нің №02-0210/21 оң қорытындысы алынды. 
ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасы газбен жұмыс істейтін жаңа станция іске қосылғаннан кейін ЖЭО-2-нің жұмыс 
істеп тұрған қуаттарын консервациялауды көздейді. Топ басшылығы ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасын 
2026 
жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет