Салық заңнамасы Қазақстан заңнамалары мен салық салу тәжірибесі үздіксіз даму үстінде, сондықтан оны әр түрлі түсіндіруге
болады және кері күші болуы мүмкін жекелеген өзгерістерге ұшырайды. Кейбір жағдайларда, салық
салынатын базаны анықтау мақсатында салық заңнамасы ҚХЕС ережелеріне сүйенеді, мұнда Қазақстаның
салық органдарының ҚХЕС-тің тиісті ережелерін түсіндіруі басшылықтың осы қаржылық есептілікті
дайындаған кезде қолданған есепке алу саясатынан, пайымдаулары мен бағаларынан ерекшеленуі мүмкін.
Ол Топтың қосымша салық міндеттемелерінің туындауына алып келуі мүмкін. Салық органдары салық жылы
аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде ретроспективті тексеру жүргізе алады.
Топ басшылығы тиісті заңнамалардың түсіндіру қолайлы және Топтың салықтық ұстанымы негізді деп
санайды. Басшылықтың пікірінше, Топ осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте қалыптастырылған
резервтен асатын ағымдағы және әлеуетті салықтық тәуекелдер бойынша маңызды зиян шекпейді.
2020 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
(бұдан әрі – МКК) 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасатын деңгейлес мониторингті енгізу жөніндегі
пилоттық жобаны іске қосты. Деңгейлес мониторингтің негізгі мақсаты - салық органдары бақылау жасайтын
салық, валюта және басқа да заңдардың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін тәуекелді операцияларға уақтылы ден
қою және олардың жүзеге асырылуының алдын алу арқылы салық органдарының ірі салық төлеушілермен
әріптестік өзара қарым-қатынастарын құру. МКК пилоттық жобасын іске асыру мақсатында бизнес-
қоғамдастықпен бірлесіп оны өткізу қағидалары әзірленіп, бекітілді, сондай-ақ салық төлеушілердің санаттары
айқындалды.
Мәселен, 2021 жылы МКК деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жоба аясында 2016-2020 жылдар
аралығындағы ЕГРЭС-1 компаниясының тарихи деректерін зерттеді, талдау нәтижелері бойынша МКК
2022
жылғы ақпанда ұсынымдары бар хаттамаға қол қойды. Негізгі ұсыным Негізгі қорлардың ұлттық
жіктеуішіне сәйкес активтер топтарына тиесілігі бойынша негізгі құралдардың сәйкессіздігімен байланысты.
Компания бұл ұсынысқа келіспейтінін білдірді және өз ұстанымын түсіндіру бойынша жұмыстарды
жалғастыруда.