«самұРЫҚ-энерго»


Негізгі қызмет бойынша кредиторлық берешек және өзге де кредиторлық берешек



Pdf көрінісі
бет24/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
Негізгі қызмет бойынша кредиторлық берешек және өзге де кредиторлық берешек 
Негізгі қызмет бойынша кредиторлық берешек және өзге де кредиторлық берешек контрагенттің өзінің 
шарттық міндеттемелерін орындау фактісі бойынша есептеледі. Алынған аванстарды есептемегенде негізгі 
қызмет бойынша кредиторлық берешек және өзге де кредиторлық берешек, бастапқыда әділ құны бойынша 
көрсетіледі және кейіннен тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, амортизацияланған құн 
бойынша ескеріледі. Алынған аванстар үшінші тараптардан алынған нақты сомалар бойынша көрсетіледі. 
Мемлекеттік субсидиялар 
Егер субсидияның алынатынына және Топтың субсидияны берумен байланысты барлық талаптарды 
орындайтынына сенім болған жағдайда, мемлекет ұсынған субсидиялар әділ құны бойынша танылады.
Шығындармен байланысты мемлекеттік субсидиялар алдағы кезеңдерге жатады және олар өтемақыға 
бағытталған басқа операциялық қызметтер құрамында шығындарға сәйкес келтіру үшін қажетті кезең ішінде 
жылдық пайда немесе шығындар арқылы танылады.
 
Түсімді тану 
Түсім – Топтың әдеттегі қызметі барысында туындайтын кіріс.
Түсім мәміле бағасының мөлшерінде танылады. Мәміленің бағасы Топқа үшінші тараптан алатын сомаларды 
есепке алмай, сатып алушыға уәде етілген тауарларды немесе қызметтерді бақылауды беруге алмастырып 
алуды күтетін құқықты беретін өтеуді білдіреді. Түсім қосылған құн салығы мен жеңілдіктерді шегеріп 
көрсетіледі. Электр энергиясын сатудан түсетін түсім кезең ішінде танылады. 
Топтың шоғырландырылған түсімінің негізгі үлесі электр және жылу энергиясын сатудан және жеткізуден, 
сондай-ақ ыстық суды өндіруден түсетін түсімге байланысты. Қызметтердің/тауарлардың әрбір түрін сату жеке 
сатып алушымен жасалатын жеке, сәйкестендіруші шартпен ресімделеді. 
Шарттың талаптарына сәйкес, Топтың еншілес ұйымдарының электр және жылу энергиясын сату мен 
жеткізуді орындау бойынша міндеттемелер шарт жасалған кезде анықталады. Топ бойынша электр және 
жылу энергиясын сату мен беру ілеспе және/немесе қосымша қызметтерді қамтымайды. 
Топ сатып алушыға уәде етілген тауарларды немесе қызметтерді жеткізу мен сатып алушының оларды төлеуі 
арасындағы кезең бір жылдан асатын шарт жасауды құптамайды. Сәйкесінше, Топ ақшаның уақытша құнына 
мәміле бағасының тигізетін әсеріне түзету жасамайды. 
Шарттың талаптарына сәйкес, электр және жылу энергиясын сату мен жеткізуге жұмсалатын шарт сомасы 
сатылған немесе жеткізілген электр немесе жылу энергиясының бағасы болып табылады, бұл 
шарттың/тауардың дербес объектісі болып табылады. 
Электр және жылу энергиясын өндіру және сату 
Түсім Топ электр станцияларының сатылған электр және жылу энергияларының нақты көлемі негізінде 
анықталады.
Түсім сомасы уәкілетті орган бекіткен тарифтерге сүйене отырып анықталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет