«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет38/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
38 

Есептік саясатты пайдаланудағы маңызды есептік бағалау мен кәсіби пайымдар 
(жалғасы) 
«АЖК» бойынша құнсыздану белгілерін талдау кезінде пайдаланылған қосымша фактілер мен болжамдар: 

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қызметтің негізгі операциялық және қаржылық
көрсеткіштері бойынша жоспарды асыра орындау; 

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясына сұраныстың орта мерзімді перспективада
болжамды өсуі. 
Құнсызданудың сыртқы және ішкі белгілеріне жүргізілген талдау нәтижесінде Топ басшылығы талдау жүргізу 
күніне 
құнсыздану 
белгілері 
жоқ 
деген 
қорытындыға 
келді. 
Тиісінше, 
Топ 
басшылығы
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы еншілес компаниялардың негізгі құралдары мен 
материалдық емес активтерінің құнсыздануына және бірлескен кәсіпорынға салынған инвестицияларға тест 
жүргізбеуге шешім қабылдады. 
«Тегіс Мұнай» ЖШС-да газ өндірудің басталу мерзімі 
Табиғи газ өндіру 2024 жылы басталады деп болжануда және газ өндірудің 65% 2024 жылдан бастап жыл 
сайын экспортқа жіберілетін болады деп болжануда.
Газ өндірудің басталу мерзімін ауыстыру келісімшарттық аумақтың Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық 
аймағының аумағына кіретіндігімен байланысты, онда аумақты қорық аймағының құрамынан шығарғанға дейін 
кен орнын жайластыру және игеру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Топ басшылығы 
уәкілетті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп келісімшарттық аумақты шығаруды ескере отырып, қорық 
аймағының шекарасын кеңейтуді келісу бойынша жұмыстар жүргізеді. Басшылықтың пікірінше, келісімшарттық 
аумақтары да Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағында болған, бірақ кейіннен пайдалы 
қазбаларды өндіруді жүргізуге рұқсат алған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамына кіретін басқа да 
компаниялардың тәжірибесі негізінде топтың пайдасына қолайлы шешімнің жоғары ықтималдығы бар.
Бұдан басқа, Тегіс Мұнай ҚР Энергетика министрлігіне (бұдан әрі- «ҚР ЭМ») өндіру кезеңінің басталуын 
ұзарту, газ өндіру үшін кен орнын жайластыру, жұмыс бағдарламасының орындалу мерзімін және 
келісімшарттың қолданылу мерзімін ауыстыру қажеттілігі туралы мәселемен жүгінді, себебі келісімшарттық 
аумақты шығару туралы мәселе аяқталған жоқ. 2020 жылдың қыркүйегінде ҚР ЭМ жер қойнауын пайдалану 
мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы қаржыландыру бойынша міндеттемелерді ауыстыру туралы 
шешім қабылдады - оқыту; - ҒЗТКЖ; бұл ретте жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша 
инвестициялық міндеттемелер жөніндегі жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізуден бас тартылды. 
2020 жылғы 3 желтоқсанда Тегісмұнай ҚР Жоғарғы сотына жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша 
инвестициялық міндеттемелер жөніндегі жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша ҚР ЭМ бас 
тартуын заңсыз деп тану туралы өтініш жіберді. 2020 жылғы 30 желтоқсанда Тегис Мұнай "Атамекен" ҰКП 
құрамына кіретін «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС-дан еңсерілмейтін күш жағдайларының 
туындағаны туралы куәлік алды, бұл Тегіс Мұнай келісімшарттық аумақты қорық аймағынан шығарғанға дейін 
жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындай алмайтынын және жер қойнауын 
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізе алмайтынын растайды. Еңсерілмейтін күш мән-жайы 
келісімшарттық аумақ қорық аймағынан шығарылғанға дейін қолданылады. 
2021 жылғы 15 қыркүйекте келісімшарттық аумақты қорық аймағынан шығару процесінің жалғасуына 
байланысты топ «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС-дан анықталмайтын күш мән-жайларының 
қолданылу мерзімі бөлігінде жаңа куәлік алды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет