«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет15/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
20 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Инвестициялық меншік 
Инвестициялық меншікке жалға төленетін төлемдерді алу немесе капитал құнын ұлғайту, немесе оның 
біріншісіне де, екіншісіне де арналған, бірақ Топтың өзі қолданбайтын, оның иелігіндегі мүлік жатады. 
Инвестициялық жылжымайтын мүлік құрамына инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде болашақта 
пайдалануға арналған аяқталмаған құрылыс объектілері кіреді.
 
Қажет болған жағдайда, инвестициялық меншік шоғырландырылған қаржылық есептілікте жинақталған тозу 
және құнсыздану резервін шегергендегі бастапқы құны бойынша көрсетіледі.
Инвестициялық меншіктің құнсыздануы мүмкін екенін көрсететін белгілер болған жағдайда, Топ өтелетін 
құнның көлемін екі шаманың үлкенімен бағалайды: сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі оны 
пайдалану құндылықтары немесе әділ құны. Инвестициялық меншіктің баланстық құнының шамасы жылдық 
пайда немесе шығын арқылы өтелетін құнға дейін төмендейді. Егер кейіннен оның өтелу құнын анықтау үшін 
пайдаланылған бағалар өзгерсе, өткен есептік кезеңдерде танылған активтің құнсыздануынан болған шығын 
қалпына келтіріледі. Кейінгі шығындар Топтың болашақта осы инвестициялық меншікпен байланысты 
экономикалық пайда табуы мүмкін болғанда және олардың құнын жеткілікті дәлдікпен анықтау мүмкін болған 
жағдайда капиталдандырылады. Жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық басқа 
шығындарға олардың туындауына байланысты шығындар жатады.
Меншік иесі инвестициялық меншікке жататын активтерді иеленген жағдайда олар негізгі құралдар санатына 
ауыстырылады, ал олардың баланстық құны басқа санатқа ауыстырған күні осы сәттен бастап келесі 
амортизациялауға жататын осы активтердің шартты есептелген құнымен саналады. Инвестициялық меншіктің 
тозуы оларды тиімді пайдалану мерзімі ішінде бастапқы құнын оның тарату құнына дейін біркелкі шығынға 
жазу әдісі бойынша есептеледі, атап айтқанда:
Пайдалы пайдалану мерзімі (жылдар саны) 
Бөгет және басқа гидро құрылыстар 
100 
Басқалар 
5 - 20 
Алынған жалдаудан түскен табыс түсім құрамында жыл ішіндегі пайдада немесе шығында есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет