«самұРЫҚ-энерго»


Ақшалай қаражат және оның эквиваленттері



Pdf көрінісі
бет18/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
Ақшалай қаражат және оның эквиваленттері
Ақшалай қаражатқа және оның эквиваленттеріне кассадағы ақшалай қаражат пен ағымдағы банктік 
шоттардағы қаржылар жатады. Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары амортизацияланған құн 
бойынша көрсетіледі, өйткені (і) шартта көрсетілген ақша ағындарын алу үшін ұсталатын болғандықтан және 
(іі) бұл ақша ағындары қарыз бен пайыздың негізгі сомасы есебіне төленетін төлемді ғана 
білдіретіндіктен,олар пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын санатқа жатқызылмаған.
Пайдаланылуы шектелген ақша қаражатының қалдығы ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті жасау 
үшін ақша қаражатының және оның баламаларының құрамынан шығарылады.
Айырбас операцияларға есептік кезеңнен кейін кем дегенде он екі ай бойы шектеулер белгіленген ақша 
қаражатының қалғаны немесе міндеттемелерді өтеу үшін пайдалануға өзге ұзақ мерзімді активтер құрамына 
жатқызылады; үш айдан артық, бірақ есептік кезеңнен кейін он екі айдан кем уақытқа шектеулер қойылған 
ақша қаражаты басқа қысқа мерізмді активтер құрамына енгізіледі. 
Сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер (немесе істен шығу топтары) 
Егер олардың баланстық құны есептік кезеңнен кейін 12 айдың ішінде негізінен сату арқылы орны 
толтырылса, сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтер мен істен шығу топтары (оған ұзақ 
мерзімді және қысқа мерзімді активтер кіруі мүмкін) қаржылық жағдай туралы есепте «сатуға арналған істен 
шығу топтарының ұзақ мерзімді активтері» ретінде көрсетіледі. Активтердің жіктелуі төменде аталған барлық 
шарттар болған жағдайда өзгертілуі тиіс: (а) активтер олардың ағымдағы жағдайында дереу сатуға дайын
(б) топ басшылығы сатып алушыны іздеу бойынша қолданыстағы бағдарламаны бекітті және оны жүзеге 
асыруға кірісті; (в) олардың ағымдағы әділ құнына негізделген болып табылатын баға бойынша активтерді 
сату үшін белсенді маркетинг жүргізіледі; (г) сату бір жылдың ішінде жүзеге асырылады деп күтілуде, және 
(д) сату жоспарын айтарлықтай өзгерту немесе тоқтату күтілмейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет