«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет26/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
27 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Өзара есепке алу
 
Сатып алу-сату операцияларының бір бөлігі өзара есепке алуды, бартерлерді немесе ақшалай емес 
нысандағы басқа есеп айырысуларды қолдана отырып жүзеге асырылады.
Әдетте, бұл операциялар өнеркәсіптік және коммерциялық тұтынушылармен өзара есепке алу нысанында әр 
текті тауарлар қызметтерді алмасу нысанында жүргізіледі.
 
Есептеулерді өзара есепке алу, бартер немесе ақшалай емес нысандағы басқа есептеулер арқылы жүзеге 
асыру жоспарланған сатып алу-сату операциялары Топ компанияларының басшылығымен ақшалай емес есеп 
айырысу нәтижесінде алынатын немесе берілетін активтердің әділ құнын бағалау негізінде танылады. Әділ 
құн ашық нарықтық ақпарат негізінде анықталады. 
Сенімсіз операциялар ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен алынып тасталды. Инвестициялық және 
қаржылық операциялар, сондай-ақ, операциялық қызметтің қорытынды нәтижесі осы есептегі ақша 
қаражатының іс жүзіндегі қозғалысына сүйене отырып ұсынылды.
Сегменттік есептілік
 
Сегменттер бойынша есептілік операциялық шешімдерді қабылдауға жауапты Топтың тұлғасына немесе 
органына ұсынылатын ішкі есептілікке сәйкес жасалады. Егер табыстары, қаржылық нәтижесі немесе 
активтері барлық сегменттердің жиынтық активтерінің кем дегенде он пайызын құраса, сегментті жеке ашуға 
болады.
 
Табыс салығы 
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте табыс салығы қолданыстағы немесе есептік кезеңнің соңында 
күшіне енген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген.
Егер олар осы немесе басқа кезеңдерде басқа жиынтық табыстың немесе тікелей капитал құрамында 
көрсетілген операцияларға жатуына байланысты басқа жиынтық пайда құрамында немесе тікелей капитал 
құрамында көрсетілмеуі тиіс болса, табыс салығы бойынша шығындарға ағымдағы және кейінге қалдырылған 
салықтар жатады және жылдық кірістер мен шығында көрсетіледі. 
Ағымдағы салық ағымдағы және өткен кезеңдер үшін салық салынатын кіріс немесе шығынға қатысты 
мемлекеттік бюджеттен өтелетін немесе оған төленетін сома болып табылады. Егер қаржылық есептілік тиісті 
салық декларациясын бергенге дейін бекітілсе, салық салынатын пайда немесе зиян бағалау көрсеткіштеріне 
негізделеді.Табыс салығынан өзге, басқа да салықтар операциялық шығындар құрамында көрсетіледі. 
Кейінге қалдырылған табыс салығы болашақ кезеңдерге ауыстырылған салық шығындары, активтер мен 
міндеттемелер және қаржылық есептіліктегі олардың баланстық құнының арасында туындайтын уақыт 
айырмашалығы бөлігінде баланстық міндеттемелер әдісі бойынша есептеледі. Бастапқы тану үшін жасалатын 
ерекшелікке сәйкес, бизнесті біріктірумен байланысты емес операциялар бойынша активтерді немесе 
міндеттемелерді бастапқы тану кезінде туындайтын кейінге қалдырылған салықтар егер ондайлар 
бухгалтерлік, салық салынатын пайдаға әсер етпесе, уақыт айырмашылықтарына қатысты танылмайды. 
Кейінге қалдырылған баланстық шама қолданыстағы немесе есептік кезеңнің соңында негізінен күшіне енген 
және уақыт айырмашылықтарын түзету кезеңінде қолданылады деп күтілетін немесе болашақ кезеңдерге 
ауыстырылған салық шығындарын пайдаланудың салық мөлшерлемелері бойынша есептеледі. Кейінге 
қалдырылған салық активтері Топтың жекелеген әрбір компаниясы аясында кейінге қалдырылған салық 
міндеттемелеріне қарсы есепке алынады. Кейінге қалдырылған салық активтері шегерілетін уақыт 
айырмашылығына және болашақ кезеңдерге ауыстырылған салық шығындарына қатысты тек осындай 
шегерулер сомасына азайтылуы мүмкін болашақта салық салынатын пайда табу ықтималдылығы жоғары 
болған жағдайда ғана танылады. 
Топ еншілес компаниялардың дивидендтеріне салықтарға немесе оларды сатудан түсетін пайдаға қатысты 
уақыт айырмашылықтарын түзетуді бақылайды. Топ басшылық алдағы уақытта уақыт айырмашылықтарын 
түзетуді күткен жағдайлардан басқа кезде осындай уақыт айырмашылықтары бойынша кейінге қалдырылған 
салық міндеттемелерін көрсетпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет