«самұРЫҚ-энерго»


Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан



Pdf көрінісі
бет21/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
23 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Қызметкерлерге төленетін сыйақылар 
(i) 
Қызметкерлерге төленетін ұзақ мерзімді сыйақылар
Ұжымдық еңбек шартының ережелеріне сәйкес, Топ компаниялары өз қызметкерлерін зейнеткерлікке 
шыққанға дейін, шыққан сәтте және шыққаннан кейін ұзақ мерзімді сыйақылармен қамтамасыз етеді. 
Келісімшарттарда зейнеткерлікке шығуы бойынша біржолғы жәрдемақы төлеу, еңбекке жарамсыз болып 
қалған, мерейлі жасқа толған немесе қайтыс болған жағдайда Топ қызметкерлеріне қаржылық көмек көрсету 
қарастырылған. Жекелеген жәрдемақылар алу құқығы әдетте зейнеткерлікке шыққанға дейінгі қалған мерзімге 
және қызметкердің мейлінше аз жұмыс өтілінің болуына байланысты беріледі.
Біржолғы жәрдемақылар төлеу бойынша күтілетін шығындарды есептеу қызметкердің еңбек қызметі ішінде 
еңбек қызметінің аяқталуы бойынша белгіленген сыйақымен зейнеткерлік жоспарларды есептеу кезінде 
қолданылатын әдіс бойынша жүзеге асырылады. Топтың қаржыландырылатын зейнетақы сызбалары жоқ. 
Әрбір есептік кезеңнің соңында танылатын міндеттеме зейнеткерлік міндеттемелердің ағымдағы құны болып 
табылады. Жыл ішінде туындайтын актуарлік пайда мен залалдар жылдық жиынтық пайда мен шығында 
көрсетіледі. Осы мақсатта актуарийлік пайда мен залалдарға актуарийлік ұсыныстардағы өзгерістер де, 
актуарийлік болжалдардың іс жүзіндегі мәліметтерден өзгешелігіне қатысты өткендегі тәжірибенің ықпалы да 
жатады. 
Еңбек қызметін аяқтау бойынша міндеттемелердегі барлық өзгерістерді олар туындаған сәтте тану былайша 
ескеріледі: (і) қызметтің құны мен таза пайыздық шығын пайдадан немесе залалдан; ал (і) қайта бағалау – 
өзге жиынтық табыстан көрінеді.
Зейнетақы міндеттемелерін есепке алуда пайдаланылған ең маңызды ұсыныстар, – бұл дисконт 
мөлшерлемесі және кадрлардың тұрақтамауы туралы болжамдар. Дисконт мөлшерлемесі болашақ 
міндеттемелердің таза келтірілген құнын анықтау үшін қолданылады және әрбір жылы осындай 
міндеттемелер бойынша дисконтты жоққа шығару қаржылық шығындар ретінде жылдық пайда пен залалға 
жатқызылады. Кадрлардың ағылуы туралы болжамдар кейіннен келтірілген таза міндеттемелердің құнын алу 
үшін дисконтталатын сыйақылар төлеудің болашақ ағынын болжау үшін қолданылады. 
Мұндай міндеттемелер жыл сайынғы негізде тәуелсіз білікті актуарийлермен бағаланады. 
(ii) 
Еңбекке ақы төлеуға жұмсалатын шығыстар және оларға байланысты аударымдар
Еңбекақыға, зейнетақы аударымдарына, әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін жарналар, төленген жыл 
сайынғы демалыстар мен еңбекке жарамсыздығы үшін жасалатын төлемдер, сыйақылар мен ақшалай емес 
жеңілдіктер Топ қызметкерлерінің тиісті жұмыстарды жүзеге асыруына қарай есептеледі.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Топ өзінің қызметкерлерінің атынан осындай 
зейнеткерлік жәрдемақыларын ұстап қалады және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға (бұдан әрі 
БЖЗҚ) аударады. Ұжымдық еңбек келісімшартына енгізілмеген қызметкерлерге қатысты жұмыскерлер 
зейнеткерлікке шыққан кезде Топтың қаржылық міндеттемелері тоқтатылады және барлық төлемдерді БЖЗҚ 
жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет