7. Даулардышешу тәртібі 7.1. Қор мен Пайдаланушы Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
7.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Қор мен Пайдаланушы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының соттарында сот тәртібімен шешуді талап ете алады.
Жаңа тармақ/тармақша (қажет болған жағдайда).
8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 8.1. Осы Шартты жасау және (немесе) орындау кезінде Тараптар, олардың лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, өкілдері, үлестес тұлғалары Қордың қайырымдылық қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша қандай да бір заңсыз артықшылықтарды сақтау немесе алу мақсатында осы тұлғалардың іс-әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген нысанда, тікелей де, делдалдар арқылы да қандай да бір ақша қаражатын немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді.
8.2. Шартты жасасу және (немесе) орындау кезінде Тараптар, олардың үлестес тұлғалары, қызметкерлері немесе өкілдері Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық параға сатып алу ретінде сараланатын іс-әрекеттерді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асырмайды. Пара тек ақшалай төлем ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық көмек көрсету, мониторинг мәселелері бойынша Қордың, оның лауазымды тұлғаларының шешіміне ықпал етуге арналған сыйлықтар, қарыз беру, алымдарды төлеу, сыйақылар төлеу немесе кез келген өзге де пайдалар түрінде болуы мүмкін. Пайдаланушы төлейтін шамадан тыс ойын-сауық немесе қонақжайлылық пара ретінде жіктелуі мүмкін.
8.3. Тараптарда осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзу орын алды немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда дереу хабардар етуге міндеттенеді. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның аффилиирленген тұлғаларының, қызметкерлерінің немесе делдалдарының осы баптың қандай да бір ережелерін бұзғаны немесе бұзуы орын алды деп болжауға сенімді растайтын немесе негіз беретін, қолданыстағы заңнамада пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру бойынша, пара беру немесе алу ретінде сараланатын әрекеттерден көрінетін фактілерге сілтеме жасауға немесе материалдарды ұсынуға міндетті.
8.4. Тараптар құпиялылық режимін сақтай отырып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын сақтай отырып, шартты орындау аясында ұсынылған фактілер бойынша тиісті талқылауды жүзеге асыруға кепілдік береді.
8.5. Тараптар өздерінің ықтимал заңсыз іс-әрекеттері және осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарттарды бұзуы Пайдаланушының сенімділік рейтингін төмендетуден бастап Пайдаланушымен өзара іс-қимыл бойынша елеулі шектеулерге дейін Шартты бұзуға дейін қолайсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін екенін мойындайды.