а)Білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Балалардың білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
ә) Дамытушылық: Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
б) Тәрбиелік: Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, ынтымақ пен бірлікке, жолдастық көмек көрсетуге баулу.
Қазақ тілі – ұрпақтан-ұрпаққа атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Сондықтан да қазақ тілі халқымыздың қайраткерлерінің марапатына ұлы ақындары мен жыршыларының жыр арқауына айналған.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп Ә.Тәжібаев ағамыз айтқандай бүгін біз де өз ана тілімізде сыр шертейік!
ІІ. “Кім жылдам?” ойыны
(Үй тапсырмасын пысықтау)
Сұрақ: Қазіргі таңда қазақ тілі сабағында қай тарауды өтіп
жатырмыз?
Жауап: Морфология тарауы
Сұрақ: Сөз таптары дегеніміз не?
Жауап: Сөздердің білдіретін мағынасына, тұлғасына, сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз.
Сұрақ: Сөз таптары нешеге бөлінеді?
Жауап: Сөз таптары 9-ға бөлінеді.
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, еліктеу, одағай
Сұрақ: Зат есім дегеніміз не?
Жауап: Заттың атауын білдіретін сөз табын зат есім дейміз.
Сұрақ: Зат есімнің түрлерін ата .
Жауап: Жалпы, жалқы, деректі, дерексіз зат есімдер.
Сұрақ: Сын есім дегеніміз не?
Жауап: Сын есім – заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр-түсі, сипатын білдіретін сөздер.
Сұрақ: Сын есімдер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Жауап: Сын есімдер мағынасына қарай 2-ге бөлінеді?