1.Жоғарғы деңгейі - сана Сана - психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі.
Сананың құрылымына негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам езінің білімін әр уақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну мен қабылдауды, ес пен қиялды және ойлауды жатқызуға болады. Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән. Жануарларда сана болмайды.
2.Төменгі деңгейі – санасыздық Санасыздық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есеп берілмеуі. Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Санасыздық - сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Мысалы: Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңға бату.
Санасыз —адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді.
Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде