Сана және өзіндік сана


Сананың бұзылуларына тән белгілер



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#94389
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№2 ауд,сабақ Сана және сана-сезім

Сананың бұзылуларына тән белгілер


1.Науқастың уақытқа, әсерге, жағдайға деген әрекетінің жоғалуы.
2.Қоршаған болмысты анық нақты сезінудің, түйсіктеудің болмауы.
3.Ойлауға байланысты бағыттылығының әр түрлі бұзылуы.
4.Болып жатқан жағдайларға, олардың әсерінен есте сақтаудың қиындығы.

Сананың тереңдігі бойынша бұзылулар


Обнубиляция - сананың өте жеңіл түрде бұзылуы. Қоршаған болмысты дұрыс жобалағанмен, сана бірнеше секундқа немесе минутқа тұманданады
Сомноленция - ұйқылы-ояу жағдай, бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге созылады. Қоршаған орта болмыс жобасы сақталған, амнезия байқалмайды.
Есеңгіреу - сананың тереңірек бұзылуы. 3 сатыдан тұрады:
А. Жеңіл саты. Науқас ұйқылы ояу жағдайда. Аз сөйлейді. Қимыл әрекеті аз, әлсіздікке, шаршағаңдыққа шағымданады.
В. Орташа сатысы. Науқас төсекте көзін жұмып жатады.Сұрақтарға жауап береді.
С. Ауыр саты. Науқас қатты ұйқыда. Оны қатты сілкілеу арқылы оятуға болады. Бірақ көзін ашып, қайта ұйқыға кетеді.
Сопор - науқас ес-түссіз. Ауыртқыштан басқа ешқандай тітіркендіргіштерге жауап бермейді.
Кома - сана бұзылуының ең ауыр түрі, науқас ешқаңдай тітіркендіргіштерге жауап бермейді

Қорытынды

Сонымен сана мисыз әмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін - сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми - ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін мүше. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана - оның идеалдық бейнесі. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана -материядан мүлде өзгеше.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет