Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.
Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психикасының ең жоғарғы түрі -сананың болуымен ерекшеленеді. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез- құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.
Сонымен Сана- адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Адам мен жануар психикасында айырмашылық
1.Жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды.
2.Жануарларда еңбек бөлінісі атымен жоқ, олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындалуы табиғи қажеттіліктеріне орай тума берілген қабілет.
3.Жануарлар бір бірін тек дыбыс арқылы түсінеді, ал адамдар тіл арқылы араласады.
Адамның саналы әрекетінің 3 айырықша белгісі болады
Адамның саналы іс әрекеті биологиялық себеп салдармен байланысы жоқ.
Адамның саналы іс әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан жақты тануға бағытталған.
Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеріп оқып келесі ұрпаққа жеткізеді