Сананың бұзылулары көбінесе психикалық ауруларда кездеседі. Психикалық аурулардан басқа сана бұзылулары бас ми жарақаттарында, улануларда, психикалық жарақаттарда, жоғары дене қызуымен байқалатын инфекциялық ауруларда байқалады. Сананың бұзылуы бірнеше секундтан, апта, айларга дейін созылуы мүмкін. Сананың бұзылуының ең басты белгілерінің бірі - болып жатқан құбылысты қабылдаудың өзгеруі. Науқас санасының бұзылуы жағдайында орын мен уақыттағы және жағдайдағы дезориентировка (бейімделмеуі) көрініс береді. Олар айналада неболып жатқанын түсінбейді. Науқас бір уақытта екі жағдайда тұрған кезде екі ориентировка (бейімделу) туады.